jitsu gif

63 жастағы әжей Астанада жарты миллион теңге тұратын гауһар жүзікті ұрлап кеткен

Полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанаға ауылдан қыдырып келген 63 жастағы әйел адам Астанадағы дүкендердің бірінен құны жарты миллион теңгеге жуықтайтын бриллиант жүзікті  ұрлап кеткен. Бұл туралы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап, KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қалалық полиция департаменті ұрлықтың видеосын жариялап, дүкен иелеріне камера орнату керегін ескертіп отыр.

"Зергерлік бұйымдар сататын дүкеннің иесі бутигінен құны жарты миллион теңгеге жуықтайтын гауһар тасты алтын жүзік жоғалғаны туралы арыз жазды. Дүкендегі бейнетаспаны қараған Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Бриллиант жүзікті Ақмола облысының 63 жастағы тұрғыны ұрлап әкеткен", - деп хабарлайды полиция департаменті.

Тергеу барысында 63 жастағы әйел адам өзіне алтын жүзік іздеп жүріп, осы дүкенге кірген. Сатушы басқа адамдармен сөйлесіп тұрғанда, қолына тағып көрген жүзікті қалтасына басқан. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

63 жастағы әжей Астанада жарты миллион теңге тұратын гауһар жүзікті ұрлап кеткен

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.