Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша референдум басталды

Жарияланған күні:

Дауыс беру жәшігі
Дауыс беру жәшігі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 2024 жылғы 6 қазанда Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша республикалық референдум басталды. Оған 18 жасқа толған ел азаматтары қатыса алады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Республикалық референдумда қазақстандықтар елге атом электр станциясы (АЭС) қажет пе, жоқ па деген шешімді қабылдауы керек.

Референдумға ұсынылған сұрақ: "Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" Қазақстандықтар екі жауаптың бірін таңдай алады: "иә" немесе "жоқ", осы таңдауының біріне белгі қою қажет.

Дауыс беру таңғы 7:00-ден кешкі 20:00-ге дейін өтеді. Кейбір сайлау учаскелері бір сағат бұрын жұмысын бастайды. Бұған дейін комиссия төрағасының орынбасары Константин Петров түсіндіргендей, таңғы 6-да дауыс беру 84 учаскеде басталады – бұл негізінен әскери бөлімдер және кейбір вахталық елді мекендер.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасынан тыс 59 елде 74 учаске ашылған. Ливан, Иран және Израильдегі жағдайға байланысты сол жерлерде учаскелер жұмыс істемейді, қалғандары белгіленген уақытта қазақстандықтарды күтеді.

12 сағат ішінде дауыстарды санау жүргізіледі. Аймақтарда дауыс беру қорытындысының жиынтық хаттамаларын Орталық референдум комиссиясына жинап, жеткізуге 2 күн уақыт беріледі. Орталық комиссия 7 күн ішінде референдумның нәтижелерін анықтап, ресми мәлімдемені БАҚ-та жариялауға тиіс.

Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша референдумды қандай жағдайда өтпеген деп тануға болатынын осы сілтеме арқылы оқи аласыз.

Қазақстанда АЭС бойынша референдумды ұйымдастыру және өткізуге шамамен 15,5 миллиард теңге бөлінгенін атап өтейік.

Қазақстанда АЭС салу мәселесі

АЭС салу туралы идеяны президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр халыққа Жолдауында айтқан болатын. Ол өз сөзінде атом энергетикасын дамыту экономикалық және саяси тұрғыдан ерекше маңызды аспектке айналғанын атап өткен.

2023 жылдың қазан айында Энергетика министрлігі Қазақстанда АЭС-тен басқа не салуға болатынын айтқан еді. Қарастырылып жатқан нұсқалардың бірі – америкалық мамандар ұсынған шағын модульдік реактор.

Сол жылдың қараша айында энергетика министрі АЭС салатын компания қашан таңдалатынын мәлімдеді. Ал желтоқсанда Қазақстанда алғашқы АЭС-ті салуға жоспарланған шамамен жұмсалатын қаражат белгілі болды.

Осы жылдың қаңтар айында энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов қазақстандықтардың АЭС жобасы LRT жобасының тағдырын қайталай ма деген алаңдаушылығына жауап берген еді. Жақында "Қазақстан атом электр станциялары" бас директоры Тимур Жантикин АЭС үшін технология жеткізуші компанияларды атады, ал энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев станция құрылысына қатысты мәлімдеме жасады.

Еске салсақ, 2 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

3 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясының отырысында АЭС салу бойынша референдум өткізудің күнтізбесі бекітілді.

Сондай-ақ бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы өкілдері Қазақстанда АЭС салу бойынша референдумды ұйымдастыруға және өткізуге 15,5 млрд теңге жұмсалатынын мәлімдеген еді.

6 қазанда Қазақстанда елде атом электр стансасын салу мәселесі бойынша референдум өткен еді.

Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, дауыс беруге 7 820 204 адам немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66 пайызы қатысқан. Оның ішінде 5 561 937 адам немесе қазақстандықтардың 71,12 пайызы АЭС салуды қолдап дауыс берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2170264-qazaqstanda-aes-qurylysy-boiynsha-referendum-bastaldy/