jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Асылан Маханов
Асылан Маханов
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте жылыту маусымы қашан басталатыны белгілі болды

Жылу батареясы
Жылу батареясы. Көрнекі фото: pxhere.com

Шымкентте жылыту маусымы 1 қарашада басталады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қанат Шарлапаевтың сөзінше, Қазақстандағы өңірлерде инженерлік инфрақұрылым бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы жылы 541 км жылу желісінде жөндеу жұмыстары жоспарланып, 536 км жөнделген.

"Шымкент қаласында жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр және 1 қарашаға дейін, яғни, қаладағы жылыту маусымының басталуына дейін аяқталады", - деді министр.

Еске салайық, Аcтанада 24 қыркүйекте жылыту маусымы басталған еді. Елордада жылыту маусымына дайындық және оны өткізу ережелеріне сәйкес, тұрғын үйлерге жылу сыртқы ауаның орташа температурасы +10 градустан төмен болғанда және бес күн бойы осы температура сақталған жағдайда беріле бастайтыны айтылды.

Ал Алматыда 7-11 қазан аралығында нысандарды орталық жылу жүйесіне қосу жоспарланған. Бірінші кезекте, жылу әлеуметтік мекемелерлерге, оның ішінде балабақшаларға, мектептерге және медициналық-әлеуметтік нысандарға беріледі.

Шымкентте жылыту маусымы қашан басталатыны белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.