jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

АЭС салу бойынша референдумның түпкілікті қорытындысы шықты

Референдумға дауыс беру
Референдумға дауыс беру. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

АЭС салу бойынша референдумның түпкілікті қорытындысы шықты. Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, қазақстандықтардың 71,12 пайызы АЭС салуды қолдап дауыс берген. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Орталық референдум комиссиясы Республикалық референдумның нәтижелерін жариялады.

Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адам болған.

Дауыс беруге 7 820 204 адам немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66 пайызы қатысқан.

"Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 5 561 937 адам немесе дауыс бершулердің 71,12 пайызына тең болды.

Осылайша, референдум өтті деп саналды. Референдумға шығарылған мәселе бойынша оң шешім қабылданды", - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров референдум нәтижелері бойынша өткен отырыс барысында.

Реферундум қорытындысы
Реферундум қорытындысы: Орталық сайлау комиссиясы

Еске сала кетейік, жексенбіде, 6 қазанда Қазақстанда елде атом электр стансасын салу мәселесі бойынша референдум өткен болатын.

Бұған дейін Республикалық референдумның алдын ала қорытындысы жарияланды. Ресми дерек бойынша, 5 561 937 адам немесе дауыс берушілердің 71,12 пайызы АЭС салуды қолдап дауыс берген.

АЭС салу бойынша референдумның түпкілікті қорытындысы шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.