jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматыда орталық көшелердің бірінде екі тәулікке жол жабылады

Алматы көшелерінің бірі
Алматы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне байланысты Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі учаскедегі Сәтбаев көшесінің бір бөлігі екі тәулікке жабылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ауылшаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі учаскедегі Сәтбаев көшесінің бір бөлігі 11 қазан сағат 20:00-ден 13 қазан сағат 20:00-ге дейін жабылады", - делінген ведомство хабарламасында.

Әкімдік мәліметінше, №45, №95 және №121 бағыттардың сызбаларына өзгерістер енгізіледі. Жабылатын учаскені айналып өту Абай даңғылы бойынша жүргізіледі.

"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және өз бағыттарыңызды алдын ала белгілеп алуды өтінеміз", - дейді әкімдік өкілдері.

Айта кетейік, қыркүйекте Астанада Сарыарқа даңғылынан бастап К. Күмісбеков көшесіне дейінгі учаскеде С. Сейфуллин көшесінде жол жөндеу жұмыстарына байланысты екі аптаға жуық жол жабылған болатын.

Алматыда орталық көшелердің бірінде екі тәулікке жол жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.