Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ҚазАвтоЖол" Астана мен үш облыстың көлік жүргізушілеріне ауа райына байланысты ескерту жасады

Жарияланған күні:

Жол
Жол. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ауа райының нашарлауына байланысты Астана мен бірнеше облыстың автокөлік жүргізушілерін жолда сақ болуға шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

“Астана қаласында, сондай-ақ Қостанай, Ақмола және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережесін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз”, - делінген компанияның Telegram-дағы арнасында.

Еске салайық, 10-12 қазан аралығында Қазақстанда ауа температурасының төмендеуі, сондай-ақ қар аралас жаңбыр жауып, жел күшеюі мүкін деп болжанған едік.

Сондай-ақ ауа райы болжамына сәйкес, қазанның бірінші онкүндігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, желдің күшейетіні (15-25 м/с) айтылған. Солтүстік жақта түнгі уақытта жауған жаңбыр соңы сулы қарға ұласуы мүмкін.

Материал авторы: Назгүл Назар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2172969-qazavtozhol-astana-men-ush-oblystyng-kolik-zhurgizushilerine-aua-raiyna-qatysty-eskertu-zhasady/