Зектілері

Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімдер несімен қауіпті: сарапшылар жауап берді

Жарияланған күні:

Жержаңғақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Дүкен сөрелері түрлі тауарларға самсап тұрған қазіргі заманда азық-түлік қауіпсіздігіне назар аудару ерекше маңызды. "MOТҚҚҚ" ҚБ-нің басым міндеттерінің бірі – жан-жақты зерттеулер мен азаматтарды ақпараттандыру және олардың нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратып, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету. Бұл азаматтарға өз құқықтарын жақсы түсінуге және оларды қорғауға көмектеседі. "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің ("МОТҚҚҚ" ҚБ) сарапшылары Семей қаласындағы сатып алулар негізінде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімдерді тұтынудың зияны туралы айтып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты кеңестерімен бөлісті.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Жаңа жылда Қазақстанда әлеуметтік төлемдер қанша пайыз көтеріледі

Асшаян хош иістендірілген жержаңғақ және "Rich East"жаңғағы
Фото: Биятан Жанна

Арнайы сатып алу жағдайы:

2024 жылғы шілдеде "MOТҚҚҚ" ҚБ өкілі Семей қаласының дүкенінен жасырын сатып алушы әдісін қолдана отырып, салмағы 130 г асшаянның дәмі бар сыламаланған (глазурь) жержаңғақ пен салмағы 1 кг болатын "Rich East" ассорти жаңғағын және салмағы 1000 грамм "Лукум ассорти" сатып алған. Өнім Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына сынауға жіберілді (09.07.2024 ж. № 230/15235 және № 224/15229 зерттеу хаттамалары).

Жержаңғақтарды зертханалық тексеру нәтижесінде ӨНІМНІҢ МЕРЗІМІ ӨТКЕНІ анықталды. Өндіруші көрсеткен өндіру күні – 23.04.2023 ж., жарамдылық мерзімі 4 ай болды. Сондай-ақ сұрыпталған жаңғақтарды тексеру техникалық регламенттерге сәйкес келмейтінін көрсетті: мемлекеттік тілде, оның ішінде тағамдық өнімнің құрамы мен тағамдық құндылығы, өндірушінің атауы мен орналасқан жері, өндіруші туралы, қаптама жасалған материал туралы ақпараттар көрсетілмеген. Бұл тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамаға сәйкес келмейді және тұтынушыларға үлкен қауіп төндіреді:

Қазақ және орыс тілдеріндегі таңбалама тек заңмен талап етіліп қана қоймай, ол әрбір тұтынушының дұрыс таңдау жасауына көмектеседі. Мысалы, аллергиямен ауыратындар болса, егер өнімнің құрамы тек шет тілінде көрсетілсе, мұндай өнімді сатып алудың қажеті жоқ. Ал белгілі бір диеталық стандарттарды ұстанатын адамдар үшін калория мөлшері мен құрамы туралы ақпараттың жоқтығына байланысты таңдауда қателесуіне болмайды.

Лукум Ассорти
Фото: Жанна Биятан

"Лукум ассорти" тағам қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес келетініне қарамастан, өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігіне сынақтан өткенін растайтын EAC белгісі жоқ, бұл оның Еуразиялық экономикалық одақ қауіпсіздігі мен сапа стандарттарына сәйкестігін анықтауды қиындатады.

Жарамдылық мерзімі өткен тағамдарды тұтыну денсаулыққа қатысты бірқатар мәселе тудыруы мүмкін. Тұтынушылар бетпе-бет келуі мүмкін негізгі қауіптер:

  1. Тамақтан улану: Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін улану қаупін арттыратын өнімдерде улы заттар мен қоздырғыштар түзіледі (жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы).
  2. Аллергиялық реакциялар: Жарамдылық мерзімі өткен тағамдардағы химиялық өзгерістер сезімтал адамдарда аллергия тудыруы мүмкін.
  3. Тағамдық құндылығының бұзылулары: Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін өнім дәрумендер мен минералдарды жоғалтады, оның тағамдық құндылығы төмендейді.
"МОТҚҚҚ" ҚБ сарапшылары
Фото: Биятан Жанна

Құқыққорғаушы-сарапшы Биятан Жаннаның бірнеше ұсынымдары

Тұтынушылар үшін:

  1. Әрқашан жарамдылық мерзімін тексеріңіз: Сатып алудан бұрын шығарылған күні мен жарамдылық мерзімін қараңыз. Мерзімі өткен заттарды сатып алмаңыз.
  2. Қаптаманы тексеріңіз: Бұзылған өнімдерді сатып алмау үшін оның бүтіндігіне көз жеткізіңіз.
  3. Бұзушылықты құжатпен көрсетіңіз: түбіртектерді сақтаңыз және дәлелдеу үшін мерзімі өткен заттарды суретке түсіріңіз.
  4. Мәселелерді хабарлау: Егер сіз мерзімі өткенін анықтасаңыз, сатушыға және реттеуші органдарға хабарлаңыз.

"Жоспардан тыс тексеру үшін түбіртек пен фото/бейне дәлелдемелерді қоса бере отырып, СЭК-ке хабарласуға болады. Қазақстан Республикасы "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңы сатушылардың тауарды дәлел ретінде суретке түсіру құқығын шектеуге тыйым салады. Денсаулыққа зиян келген жағдайда медициналық мекеменің анықтамасын қосыңыз", – дегенді қосты ол.

"Сауда орнын жоспардан тыс тексеруді бастау үшін тұтынушылар аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне (СЭК) хабарласа алады. Мұндай тексеру азаматтардың немесе заңды тұлғалардың өтініші негізінде растайтын құжаттар, оның ішінде фискалды немесе сату түбіртегі болған жағдайда жүргізіледі. Оған қоса, дәлел ретінде фото немесе бейнематериалдарды ұсынуға кеңес береді. Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңында сатушының тауар мен дүкеннің фото/бейне түсірілімін дәлел ретінде пайдалануға қатысты тұтынушылардың құқығын шектеуге тыйым салынған, - деп еске салады Алия Расбекқызы - Егер өнімді тұтыну нәтижесінде денсаулыққа зиян келтірілсе, өтінішке денсаулық сақтау ұйымының тиісті анықтамасы да қоса берілуі керек".

Қазақстан заңнамасына сәйкес, техникалық регламенттер мен сауда ережелерін бұзғаны, оның ішінде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімді өткізгені үшін қомақты айыппұлдар мен әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бұл шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Кәсіпкерлер үшін:

  1. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен заттардың бар-жоғын үнемі тексеріп, оларды тез арада көзін жойыңыз.
  2. Қаптаманың жарамдылық мерзімі және басқа да маңызды ақпаратпен жаңартылғанына көз жеткізіңіз.
  3. Қызметкерлерді оқыту: Сіздің қызметкерлеріңіз өнімге қалай дұрыс қарау қажеттігін және оның жағдайын бақылауды білуі керек.
  4. Тұтынушылардан арыз-шағымдар келіп түскен жағдайда дер кезінде жауап беріп, бұзушылықтарды жоюды қолға алыңыз.

"МОТҚҚҚ" ҚБ тұтынушылардың құқықтарын қорғау – халықтың денсаулығын қамтамасыз етудің маңызды бөлігі екенін еске салады. Әрбір тұтынушы қауіпсіз және сапалы тауар алуға құқылы, ал сатушылар мерзімі өтіп кеткен өнімдердің нарыққа енуіне жол бермеу үшін барлық ережелер мен нормаларды сақтауға міндетті.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2173020-zharamdylyq-merzimi-otip-ketken-onimder-nesimen-qauipti-sarapshylar-zhauap-berdi/