jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

"Электрондық үкімет" жүйесінде ақау шықты ма: министрлік түсінік берді

Egov сайты
Egov сайты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мессенджерлерде жіберілген ХҚКО сайты мен eGov Mobile мобильдік қосымшасының ақаулары туралы хабарлама жалған және шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Электрондық үкімет порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы қалыпты жағдайда жұмыс істейді. Үшінші тұлғалар портал мен мобильді қосымша пайдаланушыларының деректеріне қол жеткізе алмайды", - делінген хабарда.

Осылайша министрлік өкілдері азаматтардан алған хабарламаларға жауап бермеуді және тексерілмеген ақпаратты жібермеуді сұрады.

Электрондық үкімет порталы мен eGov Mobile қосымшасының қызметі туралы барлық ақпарат ресми дереккөздерде, атап айтқанда eGov.kz және nitec.kz сайттарында жарияланады.

Сондай-ақ eGov.kz порталы және eGov Mobile жұмысы туралы туындаған барлық сұрақ бойынша байланыс орталығының 1414 телефон нөміріне хабарласуға болады.

"Электрондық үкімет" жүйесінде ақау шықты ма: министрлік түсінік берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.