Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың отбасы күзетпен қамтамасыз етілді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Талғарда қаза болған жасөспірім
Шерзат Болат. Видеодан кадр: КТК

12 қазанға қараған түні Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың отбасы тұрған үй өртеніп кетті. Зардап шеккендердің арызы бойынша полицейлер оларды күзетпен қамтамасыз етті, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған ақпарат бойынша, тәртіп сақшылары тәулік бойы кезекшілікте болады.

"Келіп түскен арызға сәйкес, 4 қазанға қараған түні Талғар ауданында қаза тапқан кәмелетке толмаған баланың отбасы күзетпен қамтамасыз етілді.

Отбасының тұрғылықты жері бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерінің тарабынан тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды", - делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін құқық қорғаушы Саида Тәукелева желідегі жеке парақшасында түнде болған өрттің видеосын жариялады. Оның айтуынша, марқұм Шерзат Болаттың отбасының үйі толығымен жанып кеткен.

Полиция департаменті өкілдері мүлікті қасақана жою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Талғардағы жасөспірім қазасы

Еске салсақ, 4 қазанға қараған түні Талғар қаласында ер адамдар арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқанын жазған едік. Жанжал салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізілген, олардың бірі алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Кейін марқұм болған 16 жастағы Шерзат Болат есімді бозбала екені хабарланды.

Полиция кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Артынша Алматы облысының полиция департаменті өкілдері кісі өлтірді деген күдікпен ұсталғандардың видеосын жариялады.

Талғардағы кісі өлімімен аяқталған оқиғадан кейін марқұмның әкесі соттың ашық әрі әділ өтуін талап етіп мәлімдеме жасады.

Қанды оқиға болған дүкеннің алдында марқұм Шерзат Болатты еске алу бұрышы ашылды. KAZ.NUR.KZ тілшісі Талғарға барып, тұрғындармен тілдесіп қайтты.

10 қазанда марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов істің мән-жайын айтып тағы бір үндеу жасап, халықтан митингке шықпауын өтінді. Сондай-ақ ол отбасының қауіпсіздігіне алаңдаулы екенін жеткізді. Айтуынша, заңгерлер мен журналистердің атын жамылып, белгісіз біреулер келіп қорқытқан. Шерзаттың әкесі жағдай өзіне және жақындарына кері әсер етіп кетпес үшін, жұртшылықтан митингке шығып, қантөгіс жасамауын өтінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2173360-talgarda-qaza-tapqan-zhasospirimning-otbasy-kuzetpen-qamtamasyz-etildi/