Ішкі істер министрі Шерзат Болат ісі бойынша куәгерлерді тексерудің нәтижесін жариялады
Опубликовано:
Ішкі істер министрі Ержан Саденов министрлік кулуарында Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша куәгерлерді тексеру нәтижесі туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Журналистер Алматы облысының полиция департаментіне Шерзат Болаттың өліміне қатысты төрт куәгердің әрекетін тексеру тапсырылғанын еске салып өтті. Олардың ішінде Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелді де бар.
"Бұл қоғамда резонанс тудырған іс болды, көп талқыланды. Бірақ қылмыс айқын еді: біз барлық қатысушыны бірден анықтап, ұстадық. Соттан тиісті ұсыныстар алып, барлығын мұқият қарадық – онда қылмыс құрамы жоқ. Олар куәгер ретінде өтті. Алғашында бәрі анық болған, сонда да біз бәрін тексердік. Профилактикалық шаралар, менің ойымша, оларға жүргізілді", - деді Ішкі істер министрі Ержан Сәденов.
Еске сала кетейік, 2024 жылы қазанның 3-інен 4-іне қараған қараған түні Талғар қаласында ер адамдар арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқанын жазған едік. Жанжал салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізілген, олардың бірі алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Кейін марқұм болған 16 жастағы Шерзат Болат есімді бозбала екені хабарланды.
Биыл 5 маусымда Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі жарияланды.
Сотталушылар:
— Абзал Шынасыл 23 жылға;
— Равиль Сакиев 20 жылға;
— Азамат Тоқтаубаев 15 жылға;
— Нұрқияс Ілиясов 9 жылға;
— Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет — әрқайсысы 7 жылға;
— Д.Ы. 1 жыл 6 айға сотталды.
Кәмелетке толмаған Д.Ы. шілде айында жазасын өтеуіне байланысты қамаудан босатылды.
Қалған 8 сотталушы сот үкімімен келіспей апелляциялық шағым түсірген еді.
Апелляциялық сот 8 айыпталушының өтінішін қанағаттандырмай, алғашқы үкімді өзгеріссіз қалдырды.
- Шерзат Болат ісі бойынша сотталғандар жазасын қалай өтеп жатыр
- Талғардағы көшелердің біріне Шерзат Болаттың атын беру ұсынылды
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2296755-ishki-ister-ministri-sherzat-polat-isi-boiynsha-kuagerlerdi-tekseruding-natizhesin-zhariialady/