Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан – Словения матчы: Алматыда қосымша автобустар қатынайды

Жарияланған күні:

Автобустар
Автобустар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда 13 қазанда Қазақстан мен Словения құрамаларының матчына орай тегін экспресс-маршруттар ұйымдастырылып, қосымша автобустар жүреді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, жолаушылар ағынының ықтимал ұлғаюына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін Орталық стадион арқылы өтетін №34, 92, 118, 120, 120а, 79, 121 маршруттар күшейтіледі.

Сонымен қатар тегін экспресс-маршруттарды ұйымдастыру үшін қосымша 8 автобус бөлінетіні мәлім болды:

  • Шұғыла-City ТК аялдамасы – Орталық стадион;
  • Halyk Arena аялдамасы – Орталық стадион;
  • "Алатау" театры аялдамасы – Орталық стадион;
  • "Алматы-1" теміржол вокзалы аялдамасы – Орталық стадион;

"Автобустар сағат 16:00-де және 20:30-да кері бағытта жүреді. Орталық стадионнан қозғалыс кезінде автобустар Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің арасындағы Байтұрсынов көшесінің бойындағы тұрақта орналасады.

Сондай-ақ экспресс-маршруттарды жинау орындары 2GIS сервисінде белгіленген.

Матч 18:00-де басталады. Орталық стадионға кіру сағат 16.00-ден бастап ашық болады", - делінген әкімдік хабарламасында.

Алматы спорт басқармасы футбол әуесқойларына билеттерді алдын ала сатып алуды және дүрбелең мен қақтығысты болдырмау үшін орталық стадионға алдын ала келуді ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2173375-almatyda-qazaqstan-men-sloveniia-quramalarynyng-matchyna-arnaiy-avtobustar-zhiberiledi/