Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкімдік өкілдері үйі өртеніп кеткен марқұм Шерзат Болаттың отбасына қандай көмек көрсетілетінін айтты

Жарияланған күні:

Өрт сөндіруші өртті сөндіріп жатыр
Алматы облысында өртенген үй. Фото: Алматы облысы төтенше жағдайлар демартаменті

Алматы облысы әкімдігі өкілдері үйі өртеніп кеткен марқұм Шерзат Болаттың отбасына уақытша баспана берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Алматы облысының әкімдігі баспанасын өрт шалған Ш. Полаттың отбасына тұрғын үйді қалпына келтіруге көмектеседі.

Сонымен қатар оларға жөндеу жұмыстары аяқталғанша уақытша баспана беріледі", - делінген ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған хабарламада.

Айта кетейік, құқық қорғаушы Саида Тәукелева желідегі жеке парақшасында 12 қазанға қараған түні Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылында болған өрттің видеосын жариялады. Бұл үй марқұм Шерзат Болаттың отбасына тиесілі болған.

Артынша полиция департаменті өкілдері мүлікті қасақана жою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Сондай-ақ зардап шеккендердің арызы бойынша полицейлер оларды күзетпен қамтамасыз еткені мәлім болды.

Кейін бас прокуратура өкілдері мәлімдеме жасап, жәбірленушілердің үйін өртеу фактісі бойынша ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылғанын және қылмыстық iс бас прокурордың бақылауына алынғанын хабарлады.

Талғардағы жасөспірім қазасы

Еске салсақ, 4 қазанға қараған түні Талғар қаласында ер адамдар арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқанын жазған едік. Жанжал салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізілген, олардың бірі алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Кейін қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болат есімді бозбала екені хабарланды.

Полиция кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Артынша Алматы облысының полиция департаменті өкілдері кісі өлтірді деген күдікпен ұсталғандардың видеосын жариялады.

Талғардағы кісі өлімімен аяқталған оқиғадан кейін марқұмның әкесі соттың ашық әрі әділ өтуін талап етіп мәлімдеме жасады.

Қанды оқиға болған дүкеннің алдында марқұм Шерзат Болатты еске алу бұрышы ашылды. KAZ.NUR.KZ тілшісі Талғарға барып, тұрғындармен тілдесіп қайтты.

10 қазанда марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов істің мән-жайын айтып тағы бір үндеу жасап, халықтан митингке шықпауын өтінді. Сондай-ақ ол отбасының қауіпсіздігіне алаңдаулы екенін жеткізді. Айтуынша, заңгерлер мен журналистердің атын жамылып, белгісіз біреулер келіп қорқытқан. Шерзаттың әкесі жағдай өзіне және жақындарына кері әсер етіп кетпес үшін, жұртшылықтан митингке шығып, қантөгіс жасамауын өтінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2173380-akimdik-okilderi-uii-ortenip-ketken-marqum-sherzat-bolattyng-otbasyna-qandai-komek-korsetiletinin-aitty/