jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Баршаның назарына": Алматы тұрғындарына 17 қазанда ғимараттан шығу туралы хабарлама жіберіледі

Құлақтандыру жүйесі
Құлақтандыру жүйесі. Фото: Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметі

Алматыда 17 қазанда сағат 10.00-де жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығулар өткізіледі, оның аясында Mass Alert халықты жедел құлақтандыру жүйесі сынақтан өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы қаласы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік мәлімеітнше, сейсмикалық жаттығулар теле және радиохабар тарату арналары автоматты түрде үзіп, "Баршаның назарына!" деген сигналдан соң сирена-қондырғыларды қосу, сондай-ақ телефондарға хабарлама жіберу арқылы басталады.

"Сигналды алғаннан кейін ғимараттан ашық алаңға шығу керек. Сейсможаттығудың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерге дайындығын арттыру және қауіпсіз орындарға бару бағыттарын пысықтау.

Алматы қаласы Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы тұрғындарды үрейленбеуге және сейсмикалық жаттығуларға белсенді қатысуға шақырады", - делінген хабарламада.

Әкімдік мәліметінше, енді бұл құлақтандыру iOS операциялық жүйесін пайдаланушыларға да қолжетімді болады.

"Мобильді құрылғы пайдаланушыларына "Ұлттық құлақтандыру" белгісімен сынақ туралы хабарлама жіберіледі, ал кейбір Android операциялық жүйесі бар құрылғыларға "Президенттік құлақтандыру" белгісімен ескерту түседі", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері айтуынша, хабарламалар "Ұлттық құлақтандыру" немесе "Президенттік құлақтандыру" деген тақырыппен келеді, себебі халықаралық сипаттамаға сәйкес, телефон өндірушілерінің барлығы тесттік немесе жедел құлақтандыруды мемлекеттік органдар іске қосқанда, операциялық жүйелерінде осындай атаулар қолданады.

"Алматылықтар мен қала қонақтарына алаңдаудың қажеті жоқ, себебі бұл жай ғана сынақтан өткізу. iPhone құрылғыларының иелері iOS 18 бағдарламалық жасақтамасы болса ғана ескерту алады.

Осыған байланысты алматылықтар мен қала қонақтарына құрылғыларын iOS 18 жүйесіне жаңарту қажет. Егер құрылғы автоматты түрде жаңартылмаса, оны "Баптаулар – Негізгі – Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту" деп өзі жаңарту керек", - деп ескертілді

Естеріңізге сала кетейік, биыл 31 мамырда бірінші кезеңде Android операциялық жүйесі бар құрылғыларға сынақтан өткізу жүйесі жүргізілді. Екінші кезеңде iOS құрылғыларының пайдаланушылары электрондық құлақтандыру жүйесіне қосылады.

"Баршаның назарына": Алматы тұрғындарына 17 қазанда ғимараттан шығу туралы хабарлама жіберіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.