Бүгін еліміздің екі мегаполисінде жаңбыр жауады деп болжанды
Опубликовано:
Астана, Алматы мен Шымкентте 15 қазанда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 10 градусқа дейін көтеріліп, түнде 8 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,4 м/с болмақ.
Астанада, синоптиктердің болжамынша, күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 4 градусқа дейін жетіп, түнде -5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 6,7 м/с болады.
Шымкентте бүгін жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Күндіз термометр бағаны 14 градусқа дейін жетіп, түнде 8 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,4 м/с деңгейінде болмақ.
Еске салсақ, бұған дейін "Қазгидромет" мамандары еліміздің 9 өңірі бойынша ауа райына байланысты ескерту жариялағанын жазған едік – бұл өңірлердің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2174260-bugin-elimizding-eki-megapolisinde-zhangbyr-zhauady-dep-bolzhandy/