Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талғардағы қылмыстық іс: ІІМ басшысының бірінші орынбасары тергеу барысы туралы айтты

Жарияланған күні:

Бауыржан Әленов
Бауыржан Әленов. Видеодан кадр: Youtube/Алматы облысының өңірлік коммуникация қызметі

Бүгін, 15 қазанда Қонаев қаласында Шерзат Болаттың ісіне қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов Талғар ауданындағы қылмыстың тергеу барысы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Талғар ауданындағы оқиға ІІМ мен бас прокурордың ерекше бақылауында. Біз сіздердің қоғам алдында оқиғаны жариялауға деген ұмтылыстарыңызды түсініп, қолдаймыз. Дегенмен бұл тұрғыда әр адамның құқықтары мен бостандықтары, соның ішінде кінәсіздік презумция қағидатын сақтау үшін жалпы жауапкершілікті есте ұстау өте маңызды. Қазіргі уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында бұрыс ой-пікірлер таралып жатыр. Кейбір блогерлер, тіпті ресми бұқаралық ақпарат құралдары субъективті қорытындылар жасауда. Әрбір таратылған жалған ақпарат оны жоққа шығаруды қажет етеді. Бұл тергеу тобының жұмысына кедергі келтіруде", - деді ол.

Бауыржан Әленов жалған ақпараттар таралуына байланысты кейбір мәліметтерді ашық талқылау туралы ешшім қабылданғанын айтты.

"Өкінішке қарай, біз Қылмыстық кодекстің талаптарына байланысты шектеу болды. Тергеу мәліметтерін көпшілікке жария ете алмадық. 201-бап бар екені баршаңызға мәлім. Дегенмен жалған ақпараттар таралуына байланысты прокуратурмен келісіп, кейбір мәліметтерді ашық талқылауға жиналдық. Бұл шешімді саналы түрде қабылдадық. Бұл оқиға алып-қашпа әңгімелерге негізделіп, бұрыс бағытта өрбіп жатыр. Бүгінгі брифингтің мақсаты – тұрақтылық пен әділдікті сақтау үшін оқиғаның барлық мән-жайын ашып көрсету. Тергеу әрекеттері тек заңға сәкес жүргізіледі", - деді ІІМ басшысының бірінші орынбасары.

Талғардағы Шерзат Болат қазасы

Еске салсақ, 4 қазанға қараған түні Талғар қаласында ер адамдар арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқанын жазған едік. Жанжал салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізілген, олардың бірі алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Кейін марқұм болған 16 жастағы Шерзат Болат есімді бозбала екені хабарланды.

Полиция кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Артынша Алматы облысының полиция департаменті өкілдері кісі өлтірді деген күдікпен ұсталғандардың видеосын жариялады.

Талғардағы кісі өлімімен аяқталған оқиғадан кейін марқұмның әкесі соттың ашық әрі әділ өтуін талап етіп мәлімдеме жасады.

Қанды оқиға болған дүкеннің алдында марқұм Шерзат Болатты еске алу бұрышы ашылды. KAZ.NUR.KZ тілшісі Талғарға барып, тұрғындармен тілдесіп қайтты.

10 қазанда марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов істің мән-жайын айтып тағы бір үндеу жасап, халықтан митингке шықпауын өтінді. Сондай-ақ ол отбасының қауіпсіздігіне алаңдаулы екенін жеткізді. Айтуынша, заңгерлер мен журналистердің атын жамылып, белгісіз біреулер келіп қорқытқан. Шерзаттың әкесі жағдай өзіне және жақындарына кері әсер етіп кетпес үшін, жұртшылықтан митингке шығып, қантөгіс жасамауын өтінді.

12 қазанда құқыққорғаушы Саида Тәукелева желідегі жеке парақшасында марқұм Шерзат Болаттың отбасына тиесілі үй өртеніп кеткенін жазып, видео жариялады.

Артынша полиция департаменті өкілдері мүлікті қасақана жою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Кейін бас прокуратура өкілдері мәлімдеме жасап, жәбірленушілердің үйін өртеу фактісі бойынша ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылғанын және қылмыстық iс бас прокурордың бақылауына алынғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2174425-talgardagy-qylmystyq-is-iim-basshysynyng-birinshi-orynbasary-tergeu-barysy-turaly-aitty/