Қазақстанда TikTok шектелуі мүмкін бе: Цифрлық даму министрлігі өкілі түсіндірді
Жарияланған күні:
Читать на русскомЦифрлық даму министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов Орталық коммуникациялар комитетіне қандай жағдайда Қазақстанда TikTok пен басқа да әлеуметтік желілерге шектеу қойылуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында журналистер спикерден жеке деректердің таралып кету қаупіне байланысты TikTok платформасын бақылап отыр ма деген сұрақ қойды.
Алайда бұған жауап ретінде Цифрлық даму министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Руслан Әбдіқалықов Интернеттегі заңсыз контентті бақылауға және оған қолжетімділікті шектеуге Мәдениет және ақпарат министрлігі жауапты екенін айтты.
"Біздің департаментке келетін болсақ: біздің ел азаматтарынан осы платформада жеке мәліметтерді тарату фактілері бар екені туралы әлі бірде-бір шағым түскен жоқ.
Екіншіден, байланыс заңнамасына сәйкес, біз әріптестерге бұйрық шығару бойынша жүгінеміз. Егер біздің келіссөздер сәтсіз болса, кез келген платформаға шектеулер болуы мүмкін. Бұл тек TikTok-қа ғана емес, кез келген платформаға қатысты", - деп түсіндірді спикер.
Қазан айының басында Сенат отырысында депутат Геннадий Шиповских Қазақстанда TikTok-қа шектеу қою мүмкіндігі туралы мәселені көтерген болатын. Оның айтуынша, балалар мен жасөспірімдер арасында танымал әлеуметтік желідегі кей контент олардың мінез-құлқына кері әсер етуі мүмкін екенін айтқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2174646-qazaqstanda-tiktok-shektelui-mumkin-be-tsifrlyq-damu-ministrligi-okili-tusindirdi/