Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысындағы мектеп ауласынан 1353 жылы жасалған қол диірмендері табылған (фото)

Жарияланған күні:

Қол диірмендері
Қол диірмендері. Фото: facebook.com/ontustik.gov.kz

Түркістан облысы Келес ауданындағы №31 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп ауласынан 1353 жылы тастан жасалған қол диірмендері табылған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігінің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мектеп басшысының сөзінше, білім ордасындағы мұражайда ХVІІІ-ХІХ ғасырларға тиеселі ағаш шоқпар мен ожау, ежелгі қаңлы дәуіріне тиесілі саз балшықтан жасалған құмыралар мен ыдыстар бар. Сондай-ақ сөрелерге көне монеталар мен қоладан жасалған шәйнек, кесе секілді тұрмыстық заттар қойылған екен. Жәдігерлердің арасында 1353 жылы тастан жасалған қол диірмендері де бар.

"Жүзімдік ауылында орналасқан мектеп ауласына 1985-1986 жылдары археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген. Жалпы аумағы 68 шаршы метр болатын мұражай екі бөлмеден тұрады. Экспозициялық бөлменің аумағы – 56 шаршы метр. Мұражайда жалпы 152 экспонат бар. Балалар қазіргі таңда осы жәдігерлерді зерттеп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын да жазуда", - деді мектеп директоры Ақмарал Қамбарова.

Мектептегі мұражай
Мектептегі мұражай. Фото: facebook.com/ontustik.gov.kz

Ұстаздардың айтуынша, қазіргі кезде де мектеп ауласында, ауыл маңында көптеген жәдігерлерді кездестіруге болады. Тарихшы мамандардың қорытындысына сәйкес, осы аймақтан табылған тарихи экспонаттар біздің заманымыздың I-XIII ғасырлардағы Қаңлы мемлекеті мен Қарахан мемлекеті кезеңдеріне жатады.

Еске салайық, Түркістан облысында жаңа археологиялық әдіспен зерттеу жүргізіліп, 2000 жыл бұрынғы тарихи ескерткіштер анықталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2174655-turkistan-oblysyndagy-mektep-aulasynan-1353-zhyly-zhasalgan-qol-diirmenderi-tabylgan-foto/