Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марқұм Шерзат Болаттың әкесі беті неге көгергенін айтты

Жарияланған күні:

Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов
Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов. Фото: instagram.com/justice_for_sherzat

Марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов беті көгеріп, мұрны сынған жағдайға қатысты мән-жайды айтты. Бұл туралы Instagram-дағы justice_for_sherzat арнасында жарияланған видеоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов бетінің көгеріп, мұрнының сынуы 4 қазандағы оқиғадан болғанын айтты.
  • Қаржаубай Нұрымовтың мұрны ұлын қорғауға тырысқан кезде сынған, ал бетінің көгеруі соққыдан кейінгі уақыт өте келе пайда болған.
  • Отбасы қазіргі уақытта тергеуге қатысып, өз айғақтарын беріп жатқанын және жаңа фактілер анықталғанда хабарлайтынын мәлімдеді.

Жарияланған видеода Қаржаубай Нұрымов бетінің көгеріп, мұрнының сынуы 4 қазанда болған оқиғадан дейді.

"Біріншіден, салыстырылып отырған фотолар әртүрлі жарықта, бұрышта және уақыт аралығында түсірілген. Сынған мұрын – бұл 4 қазанның сол қайғылы түнінің салдары. Каржаубай ұлын қорғауға тырысқан кезде мұрны сынған.

Енді анатомия тұрғысынан қарасақ, бетке тиген кез келген соққылар біраз уақыт өткен соң ісіп, көгерулер пайда болады. Бұл әртүрлі факторларға – соққының күші, тері типі, тамыр құрылымы, жас және терінің жалпы күйіне байланысты. Сондықтан расталуы немесе расталмауы тиіс дәлелдерді зерттейтін арнайы сарапшылар бар", - делінген парақшадағы видео сипаттамасында.

Үшіншіден, бұл жекелеген адамдардың алып-қашпа әңгімелері дүрбелең тудырып, жалған ақпарат таратып жатқан жағдай делінеді.

"Сенімді әрі тексерілген дереккөздерге сенейік. Қазіргі уақытта команда отбасымен бірге тергеуге қатысуда, өз айғақтарын беріп жатыр. Қажетті уақыт келгенде, біз анықталған жаңа фактілерді міндетті түрде хабарлаймыз. Қолдау мен қамқорлық білдіргендердің барлығына алғыс айтамыз, бұл дәл қазір бізге ең қажет нәрсе", - делінген жазба сипаттамасында.

Айта кетейік, бұған дейін ІІМ басшысының бірінші орынбасары Бауыржан Әленов те бұл сұраққа брифинг барысында жауап берген еді. Шенді қылмыстық іс құрамы бойынша қорқытулар жөнінде түсініктеме алынатынын айтқан.

Талғардағы Шерзат Болат қазасы

Еске салсақ, 4 қазанға қараған түні Талғар қаласында ер адамдар арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқанын жазған едік. Жанжал салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізілген, олардың бірі алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Кейін марқұм болған 16 жастағы Шерзат Болат есімді бозбала екені хабарланды.

Полиция кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Артынша Алматы облысының полиция департаменті өкілдері кісі өлтірді деген күдікпен ұсталғандардың видеосын жариялады.

Талғардағы кісі өлімімен аяқталған оқиғадан кейін марқұмның әкесі соттың ашық әрі әділ өтуін талап етіп мәлімдеме жасады.

Қанды оқиға болған дүкеннің алдында марқұм Шерзат Болатты еске алу бұрышы ашылды. KAZ.NUR.KZ тілшісі Талғарға барып, тұрғындармен тілдесіп қайтты.

10 қазанда марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов істің мән-жайын айтып тағы бір үндеу жасап, халықтан митингке шықпауын өтінді. Сондай-ақ ол отбасының қауіпсіздігіне алаңдаулы екенін жеткізді. Айтуынша, заңгерлер мен журналистердің атын жамылып, белгісіз біреулер келіп қорқытқан. Шерзаттың әкесі жағдай өзіне және жақындарына кері әсер етіп кетпес үшін, жұртшылықтан митингке шығып, қантөгіс жасамауын өтінді.

12 қазанда құқыққорғаушы Саида Тәукелева желідегі жеке парақшасында марқұм Шерзат Болаттың отбасына тиесілі үй өртеніп кеткенін жазып, видео жариялады.

Артынша полиция департаменті өкілдері мүлікті қасақана жою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Кейін бас прокуратура өкілдері мәлімдеме жасап, жәбірленушілердің үйін өртеу фактісі бойынша ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылғанын және қылмыстық iс бас прокурордың бақылауына алынғанын хабарлады.

Айта кетейік, Талғардағы атышулы оқиға Шерзат Болаттың өлімінен кейін Талғар ауданында тағы бірнеше шенеунік жазаланғанын жазған едік.

Бұған дейін Талғар қаласының әкімі Бахыт Күрішбеков пен әкімнің орынбасары Матан Сағындық қызметінен босатылғаны хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2175188-marqum-sherzat-bolattyng-akesi-beti-nege-kogergenin-aitty/