Талғардағы Шерзат Болаттың өлімі: күдіктілердің бірінің анасы видеоүндеу жасады
Жарияланған күні:
Желіде Талғардағы Шерзат Болат ісі бойынша күдіктілердің бірінің анасы жасаған видеоүндеу тарады. Облыстық полиция өкілдері видеоға пікір білдірді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Instagram-дағы kris_p_talgar парақшасында күдіктілердің бірінің анасының президентке, бас прокурорға және ішкі істер министріне жасаған видеоүндеуі жарияланды.
Видеодағы әйелдің айтуынша, оның ұлы мен ұлының досы негізсіз қамауға алынған. Оларға қылмысты хабарламау және жасыру баптары бойынша айып тағылып отыр. Алайда әйел олардың қылмыс орнында болмағанын, тек кейінірек, болары болып біткеннен кейін ғана барғанын айтады.
Ұсталған жігіттерден алдымен жауап алынып, кейіннен босатылған. Бірақ 13 қазанда әйелдің ұлын қайта ұстап әкеткен.
"Оларды не үшін қамап қойғанын түсінбеймін. Бұл 13 адамды жинау мақсатында істеліп отыр ма? Олар тіпті қылмыс орнында болмаған да. Олар тіпті не жағдай болғанын да білмеген. Алайда қылмыс орнында болған екі қыз куәгер ретінде жауап беріп жүр", - деді күдіктілердің бірінің анасы видеода.
Алматы облысының полиция департаменті видеоға түсінік берді.
"13 қазанда үш күдікті қамауға алынды. Оларға Қылмыстық кодекстің 434-бабы – "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша айып тағылды. Тергеу іс-шараларының нәтижесінде күдікті К. қылмыс туралы хабардар болғаны анықталды. Соттың санкциясымен ол екі айға қамауға алынды.
Қазіргі уақытта қылмыстық істі толық және объективті тергеу үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оның аясында барлық қатысушының іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", - делінген полиция Instagram-дағы парақшасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2175261-talgardagy-sherzat-bolattyng-olimi-kudiktilerding-birining-anasy-apelliatsiialyq-shagym-tusirdi/