Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шұжық өнімдерінің таңбаламасы ережелері: бұл не үшін маңызды

Жарияланған күні:

Шұжық
Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл туралы "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің ("МОТҚҚҚ" ҚБ) сарапшылары хабарлады.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Денсаулыққа қамқорлық: кептірілген жемістер және оларды таңдау ережелері

Тұтынушы дүкенге келгенде қаптамасында анық және түсінікті ақпараты бар сапалы өнімді алғысы келеді. Бұл, әсіресе, ет өнімдеріне қатысты, олар барлық – өндірілген кезінен сатылуға түскенге дейінгі кезеңді мұқият бақылауды қажет етеді. Өйткені, тұтынушыларға өнімнің қауіпсіздігіне сенімді болуға және саналы таңдау жасауға дұрыс таңбалама ғана көмектеседі.

2024 жылдың шілдесінде Өскемен қаласындағы дүкендердің бірінен "МОТҚҚҚ" ҚБ өкілі жасырын сатып алушы әдісімен ресейлік өндірушілердің пісіріліп-ысталған шұжығының үш түрін:

  1. "Австрийский" сервелаты, салмағы 600 г.;
  2. "Коньячный" сервелаты, салмағы 0,350 кг;
  3. "Копченый на буке" сервелаты, салмағы 350 г. сатып алды.

Сатып алудың мақсаты – осы тауарлардың Кеден одағы техникалық регламенттерінің:

Өнімдер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына кешенді сынақтан өткізу үшін жіберілді. Сараптама әртүрлі нәтижелер көрсетті:

  • "Австрийский" сервелаты барлық нормалар мен заң талаптарын сай келгенін көрсетті. Ол екі тілде (қазақ және орыс) де таңбаланған, қаптамасында құрамы, шығарылған күні, жарамдылық мерзімі және сақтау шарттары сияқты маңызды ақпараттар көрсетілген.
  • "Коньячный" сервелатының қазақ тілінде таңбаланбауы мамандар арасында сұрақтар туғызды. Мәселен, тауардың атауы қазақ тілінде толық көрсетілмеген, өндіруші және оның орналасқан жері туралы мәліметтер мемлекеттік тілде жазылмаған.
  • "Копченый на буке" сервелаты қазақ тілінде мүлде таңбаланбаған, бұл Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзады.
Шұжық
Фото: Биятан Жанна

Таңбалама талаптарын сақтаудың маңызды неде?

Таңбалама жөніндегі техникалық регламенттің 4.1-тармағына сәйкес, тұтынушы қандай тауарды сатып алатынын және оның сипаттамалары қандай екенін түсінуі үшін әрбір қаптамада жан-жақты ақпарат көрсетілуі керек. Төмендегі қажетті ақпараттар қамтылуы тиіс:

1. Өнім атауы – қазақ және орыс тілдерінде анық және дұрыс көрсетілуі керек.

2. Құрамы – тұтынушыларға өнімнің неден жасалғанын білуге ​​және аллергиялық реакцияларды болдырмауға көмектеседі.

3. Өндірілген күні және жарамдылық мерзімі – өнімнің жаңа екенін және оның жарамдылық мерзімі өткен-өтпегенін анықтауға мүмкіндік береді.

4. Тағамдық құндылығы – ақуыз, май, көмірсу және калория туралы ақпараттар тұтынушыларға рационын дұрыс жоспарлауға көмектеседі.

5. Өндірушінің/импорттаушының атауы және орналасқан жері – өнімнің сапасына кім жауапты екенін көрсетеді.

6. Сақтау шарттары – өнімнің қасиетін жоғалтпауы және қауіпсіз болуы үшін дұрыс сақтау шарттарын ескертеді.

7. Мемлекеттік тілдегі ақпарат – Қазақстан үшін бұл міндетті талап, өйткені ол барлық тұтынушыларға, тіліне қарамастан, қандай тауарды сатып алып жатқанын түсінуге көмектеседі.

8. ЕАЭО (ЕАС) нарығындағы айналым белгісі – өнімнің барлық қауіпсіздік пен сапа стандарттарына сәйкестігін растайды.

Таңбалама толық көрсетілмегенде оның салдары қандай?

Бір қарағанда, ресми тілдегі ақпараттың жоқтығы немесе толық таңбаланбауы болмашы бұзушылық болып көрінгенімен, тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді. Таңбалама талаптарын бұзу тек заң мәселесі емес екенін есте ұстаған жөн. Толық таңбалама әрбір тұтынушының мүдделерін қорғауда маңызды рөл атқарады, өйткені ол:

  • Өнімнің құрамын түсінуге көмектесетін;
  • Өндірушінің ашықтығы мен жауапкершілігін танытатын;
  • Барлық тұтынушылар үшін әділ шарттар саналады.

Егер сіз таңбаламасы күмән тудыратын өнімге тап болсаңыз, құқыққорғаушы-сарапшы Алия Алибекованың ұсынымдарын орындағаныңыз жөн:

  1. Сатып алу алдында барлық ақпаратты тексеріңіз. Қаптамасында екі тілде де қажетті ақпараттың бар екеніне көз жеткізіңіз.
  2. Түсіндіру үшін сатушыға хабарласыңыз. Қазақ тіліндегі деректер болмаған жағдайда сатушы барлық ақпаратты беруге міндетті.
  3. Сәйкессіздік туралы хабарлаңыз. Сіз жергілікті тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымдарына немесе тікелей өнім сатып алынған дүкендерге шағым жасай аласыз.
  4. Күмәнді өнімдерді сатып алудан аулақ болыңыз. Егер таңбаламасы толық болмаса, бұл өндірістік немесе импорттық ережелерді бұзушылықтың белгісі болуы мүмкін.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2175462-shuzhyq-onimderining-tangbalamasy-erezheleri-bul-ne-ushin-mangyzdy/