"Бір адамға 10-нан артық қажет емес": цифрлық даму министрі Қазақстанда SIM-карта сатуды шектеу туралы айтты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Мәжіліс кулуарында цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Қазақстанда бір адамға сатуға рұқсат етілетін SIM-карталардың санын шектеу туралы ұсыныс айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Ешқандай шешім әлі қабылданған жоқ. Сарапшы ретіндегі менің пікірім: әрқайсымызға 10 SIM-картадан артық қажет емес шығар.
Бұл бір адамға жеткілікті SIM-карталар саны деп ойлаймын Сараптамалық қоғамдастық және мемлекеттік орган өкілдерімен талқыланады, оның қорытындысы бойынша ұсыныс жасалады", - деді министр Жаслан Мәдиев.
Еске салайық, 16 қазанда мәжілістің отырысында Цифрлық даму вице-министрі бір адамға тиесілі SIM-карта санын шектеу керегін айтқан болатын.
Айта кетейік, былтыр қазан айында ІІМ бастығының орынбасары Игорь Лепеха Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне SIM-карталарын басқа тұлғаларға беру бойынша өзгертулер енгізу қарастырылып жатқанын хабарлаған болатын. Бұл шара алаяқтармен күресуге бағытталған болатын.
Сондай-ақ жыл басында Қазақстанда виртуалды SIM картаны енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатқаны хабарланған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2175614-bir-adamga-10-nan-artyq-qazhet-emes-tsifrlyq-damu-ministri-qazaqstanda-sim-karta-satudy-shekteu-turaly-aitty/