jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Астана аруы-2024" байқауы жеңімпазының есімі белгілі болды (фото)

"Астана аруы-2024" байқауының жеңімпаздары анықталды
"Астана аруы-2024" байқауының жеңімпаздары анықталды. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Бүгін Астанада "Астана аруы-2024" байқауының финалы өтіп, елорданың ең сұлу қызы анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ең сұлу арудың тәжін таққан 19 жастағы Ясмин Байболоваға 500 мың теңге сыйақы берілді.

Ясмин Байболова
Ясмин Байболова. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Сондай-ақ серіктестерінен тон сатып алуға 1,5 миллион теңгенің сертификаты, сұлулық емханасына 500 мың теңгенің сертификаты және басқа да сыйлықтар табысталды.

18 жастағы Дарина Байтеңізова "вице-мисс" атанды.

Дарина Байтеңізова
Дарина Байтеңізова. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Екінші орын 20 жастағы Ария Құсайыноваға бұйырды.

28 жастағы Әсел Адамова "көрермен көзайымы" болды, ол Instagram желісінде ең көп дауыс жинап "Miss people choice" атағын иеленді.

"Астана аруы-2024" байқауының жеңімпаздары анықталды
"Астана аруы-2024" байқауының жеңімпаздары анықталды. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

"Астана аруы" сұлулық байқауының финалы Astana Music Hall-да өтті. Финалда 14 ару бақ сынады.

"Астана аруы-2024" байқауының жеңімпаздары анықталды
"Астана аруы-2024" байқауының жеңімпаздары анықталды. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Ұйымдастырушылардың сөзінше, биыл байқау қатысушылардың сыртқы сұлулығына ғана емес, қоғамдағы рөліне де мән берілді. Маңызды әлеуметтік мәселелер әйелдер құқығы мен олардың әртүрлі саладағы белсенділігіне назар аударды. "Астана аруы" байқауы жас арулардың ішкі күшін, шығармашылығын және интеллектуалдық қабілетін ашуға арналған алаң құруды мақсат етеді.

Жүлде алған жеңiмпаз арулар The Art Of Being A Woman ("Әйел болу өнерi") ұранымен өтетiн “Қазақстан аруы” ұлттық байқауына елорда атынан қатысады.

"Астана аруы-2024" байқауы жеңімпазының есімі белгілі болды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.