jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Асылан Маханов
Асылан Маханов
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте жазда жауын-шашынның салдарынан бүлінген көпір жаңартылды (видео)

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков пен қала тұрғындары
Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков пен қала тұрғындары. Фото: instagram.com/akimat_shymkent

Шымкенттегі Жаңаталап шағынауданында жаңа көпір ашылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл жазда жауын-шашынның көп болуына байланысты Бадам өзені суы күрт көтеріліп, 2-тіректің түбін шайған. Соның нәтижесінде тіректің іргетасының жер деңгейінен төмен бөлігі (свая) ашылып, көпір жарамсыз күйге түскен еді.

Тіректердің астына 40 машина ірі бетон құрылыс қалдықтары тасталып, 15 техника жұмылдырылуына қарамастан Бадам өзенінің су ағыны қатты болуына байланысты көпір тіректері қисайған.

70-жылдары салынған көпірдің конструктивтік бөліктеріне бұған дейін ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмепті. Бұл көпір Жаңаталап тұрғын алабын орталықпен байланыстырып тұрған негізгі жолдың бойында орналасқан.

Мемлекеттік сараптаманың қорытындысына сәйкес құрылыс мерзімі – 9 ай. Алайда нысанның маңыздылығын ескере отырып, 4 айда құрылыс жұмыстары толық жүргізіліп, тұрғындарға пайдалануға берілді.

Еске салайық, маусымда Шымкентте Жаңаталап шағынауданын қаламен байланыстыратын көпір жартылай опырылған еді.

Шымкентте жазда жауын-шашынның салдарынан бүлінген көпір жаңартылды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.