jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Асылан Маханов
Асылан Маханов
Бұрынғы қызметкер

Түркістанда ер адам 15 жастағы қызды зорлады деген ақпарат тарады: полиция пікір білдірді

Қыз бала терезенің алдында отыр
Қыз бала. Көрнекі фото: freepik.com

Әлеуметтік желіде Түркістанда ер адам 15 жастағы қызды зорлағаны туралы ақпарат пайда болды. Облыстық полиция департаменті өкілдері қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қоғам белсендісі Құрал Сейітханұлының жазуынша, 33 жастағы ер адам 15 жастағы қызды қорқытып, көпқабатты тұрғын үйлердің біріне апарып зорлаған.

Түркістан облысы полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, жергілікті тұрғынның кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.

Сонымен қатар кәмелетке толмаған жасөспірімнің жалаңаш фотосуреттері туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Полиция азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жариялауға жатпайды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Павлодарда кәмелетке толмаған қыз миы шайқалғанша соққыға жығылғанын жазған едік.

Түркістанда ер адам 15 жастағы қызды зорлады деген ақпарат тарады: полиция пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.