jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Алматы орталығында кафеге жапсарлас салынған заңсыз нысан сүрілді (фото)

Алматыда кафе маңындағы нысанның сүрілгеннен кейінгі көрінісі
Сүрілгеннен кейінгі нысан көрінісі. Фото: t.me/almaty_akimat

Алматыда Абай даңғылының бойында кафеге жапсарлас салынған нысан бұзылды. Бұл туралы қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Абай даңғылы, 34 мекенжайында қосымша күрделі нысан заңсыз тұрғызылған. Алматы қала құрылысы басқармасы меншік иесіне (жеке тұлғаға) қатысты әкімшілік шаралар қабылдап, материалдарды сотқа жолдаған.

Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен меншік иесі ҚР ӘҚБтК 319-бабы бойынша кінәлі деп танылып, заңсыз тұрғызылған құрылысты бұзуға мәжбүр болды.

Әкімдік өкілдері нысанды меншік иесі 20 қазанда ерікті түрде бұзғанын атап өтті.

Алматыдағы кафенің сүрілгенге дейінгі көрінісі
Алматыдағы кафе. Фото: t.me/almaty_akimat

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда ірі бизнес-орталықтың заңсыз тұрғызылған жоғарғы қабаты сүрілгенін жазған едік.

Жалпы жыл басынан бері қалада 48 заңсыз нысан сүрілген.

Алматы орталығында кафеге жапсарлас салынған заңсыз нысан сүрілді (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.