jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Асылан Маханов
Асылан Маханов
Бұрынғы қызметкер

Түркістан облысында биыл сәбилерге қандай есімдер жиі қойылып жүр

Сәби
Сәби. Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында биыл сәбилерге жиі қойылып жатқан есімдер белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы АҚ Түркістан облыстық филиалының мәліметіне сүйенсек, биыл 9 айда өңірде 40 835 сәби дүниеге келген. Ұл балаларға Нұрәли, Әлинұр, Әділет, ал қыздарға Айзере, Адина, Айлин, Әмина деген аттар жиі қойылған.

Еске салсақ, Түркістан облысы 6 қазан – референдум күні дүниеге келген сәби саны бойынша көш бастаған еді. Бұл күні өңірде 132 сәби дүние есігін ашты. Оның 62-сі қыз болса, 70-і – ұл.

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылы балаларға көп қойылған есімдердің тізімін жариялаған болатын. Ұлдар арасындағы танымал есімдер Алихан, Омар, Амир, Алдияр, Айсұлтан, Алан, Али, Нұрислам, Мухаммад және Хамза. Ал қыз балаларға Медина, Айша, Айлин, Асылым, Сафия, Томирис, Раяна, Амина, Аяла, Айым деген аттар жиі қойылған.

Түркістан облысында биыл сәбилерге қандай есімдер жиі қойылып жүр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.