Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылы сәбилерге ең көп қойылған есімдер белгілі болды

Опубликовано:

Нәрестенің аяғы. Көрнекі сурет
Нәрестенің аяғы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылы балаларға көп қойылған есімдердің тізімін жариялады. Бұл туралы ведомство Telegram арнасында хабарлады.

Бюро ақпаратынша, 2023 жылы жаңа туған нәрестелерге ең көп қойылған есімдер 2022 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ.

Қыздарға ең жиі қойылған 10 есім тізімі өзгеріссіз қалса, ұлдар арасында Хамза есімі Рамазан есімін ығыстырып, алғашқы ондыққа кірді.

Ұлдар арасындағы танымал есімдер:

  • Алихан;
  • Омар;
  • Амир;
  • Алдияр;
  • Айсұлтан;
  • Алан;
  • Али;
  • Нұрислам;
  • Мухаммад;
  • Хамза.

Ал қыз балаларға мына есімдер жиі қойылған:

  • Медина;
  • Айша;
  • Айлин;
  • Асылым;
  • Сафия;
  • Томирис;
  • Раяна;
  • Амина;
  • Аяла;
  • Айым.

Аталған тізімді 2013 жылмен салыстыратын болсақ, Алихан, Амир және Нұрислам есімдері ұлдар арасында әлі де танымал. Қыздар арасында Айша мен Амина есімдері соңғы он жылда әлі де жиі қойылатын есімдер қатарында.

2013 жылы ұлдарға Ерасыл, Алихан,Санжар, Нұрасыл, Мирас, Артем, Нұрислам, Амир, Арсен, Рамазан есімдері, қыз балаларға Айзере, Айару, Кәусар, Інжу, Айша, Аружан, Аяулым, Амина, Іңкәр, Диана есімдері жиі қойылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053961-2023-zyly-sabilerge-en-kop-qoiylgan-esimder-belgili-boldy/

pixel