jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Павлодар қаласында тұрғын үйлердің басым бөлігі жылусыз қалды

Жылу батареясы
Жылу батареясы. Көрнекі фото: pxhere.com

Павлодар қаласының шығыс және оңтүстік бөлігіндегі шағын аудандарда бүгін түске қарай жылу мен ыстық су жоғалып кетті. Жергілікті билік бұған ЖЭО-1-де су өткізетін жапқышты ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатқаны себеп болды деп отыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Қазіргі уақытта облыс орталығының шығыс және оңтүстік аумақтарында жылу мен ыстық су жоқ. Негізгі мәселе ЖЭО-1 –ден жылу алатын Усолка, Дачный, Екінші Павлодар, МДС шағын аудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлерде байқалып отыр.

"ЖЭО-1 стансасында су қысымы өтетін жапқышты ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Осыған байланысты жылу параметрлері уақытша төмендетілді. Сағат 15.00-де жұмыстар аяқталды, температуралық режим қалпына келтіріліп жатыр.

Бірнеше сағат ішінде жылумен қамтамасыз ету көрсеткіші қалыпқа келеді", - деп хабарлаған еді Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта аталған аумақтарда жылу әзірге жоқ. Жергілікті билік жылусыз отырған үйлердің санын нақтылай алмай отыр.

Павлодар қаласында тұрғын үйлердің басым бөлігі жылусыз қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.