jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматының кей аудандарында газ уақытша ажыратылады

Жанып тұрған газ плитасы. Көрнекі сурет
Жанып тұрған газ плитасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматыда 23 қазаннан бастап 24 қазан сағат 20:00-ге дейін Жетісу және Түрксіб аудандарында орналасқан кей көшелердің тұрғын үйлер мен нысандарында газ ажыратылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ QazaqGaz Aimaq АҚ Алматы өндірістік филиалына сілтеме жасап хабарлайды.

"Тозығы жеткен үйлердің тұрғындары қайта жаңарту бағдарламасы аясында Түрксіб ауданындағы Сейфуллин – Кассин – Котельников – Ақан сері көшелерінің аумағында абаттандырылған пәтерлерге тезірек көшіру үшін 23-24 қазанда жаңадан салынған орта қысымды Д-90 мм газ құбырын жүргізуге қатысты мына мекенжайда жұмыстар жүргізілетін болады: Түрксіб ауданы, Кассин көшесі, 146, 146А, 146Б, 148, 148А, 148Б, 152, 152А, 152Б, 154, 154А, Сейфуллин көшесі, 169Б", - делінген хабарламада.

Сондықтан 23 қазаннан бастап 24 қазан күні сағат 20:00 – ге дейін Жетісу және Түрксіб аудандарында орналасқан тұрғын үйлер мен объектілерде: Рысқұлов – Омаров даңғылы- Құлагер ш/а – Котельникова – Сейфуллин – Жұмабаева – Жансүгіров – Кассин-Палладин көшелерінде газ ажыратылатыны хабарланды.

Алматы жылу қазандықтары бірінші кезекте 23.10.2024 ж. 22-00-ге дейін іске қосылады.

Осыған байланысты тұрғындардан газ крандарын жауып, QAZAQGAZ AIMAQ АҚ Алматы өндірістік филиалының қызметкерлері жүргізетін жұмыстар аяқталғанға дейін және іске қосу жұмыстары басталғанға дейін ашпауын сұрайды.

"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және мәжбүрлі шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - дейді компания өкілдері.

Алматының кей аудандарында газ уақытша ажыратылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.