jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Семейде Республика күні қарсаңында пәтер кезегінде тұрған 30 азамат баспаналы болды

Жаңа үй
Фото: Семей облысы әкімнің баспасөз қызметі

Бүгін Республика күні қарсаңында Қарағайлы шағын ауданында пәтер кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтарға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтарға 30 отбасыға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Рәсімге қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысты.

"2022 жылы Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев шешімімен 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке болып бекітілді. Осындай айтулы мереке қарсаңында Семей қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар жаңа пәтерлердің иегерлері атанып отыр. Шаңырақтарыңыз берекеге толы болсын!" - деді қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов.

Жаңа қоныстанушыларға тұрғын үй кілттерін тапсыру
Фото: Семей облысы әкімнің баспасөз қызметі

Соңғы жылдары Семей қаласында құрылыс қарқыны айтарлықтай артып, көптеген тұрғын үйлер бой көтерді. Мемлекет басшысының қолдауымен 2023 жылы 211 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді. Ал 2024 жылдың басынан бері пәтер кезегінде тұрған 334 азамат баспанамен қамтамасыз етілді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған О. Мирошченко 2011 жылдан бері пәтер кезегінде тұрғанын айтып, зор ықыласын жеткізді. Бүгін ол Қарағайлы шағын ауданында 57 шаршы метр, 2 бөлмелі пәтердің иесі атанды.

Жаңа қоныстанушыларға тұрғын үй кілттерін тапсыру
Фото: Семей облысы әкімнің баспасөз қызметі

Айта кетейік, тұрғын үй соңғы үлгіде, мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп шығуына ыңғайлы етіп жасалған. Баспаналы болған тұрғындар облыс және қала басшылығына алғыстарын білдірді.

Семейде Республика күні қарсаңында пәтер кезегінде тұрған 30 азамат баспаналы болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.