Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиядағы теракт: зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар бар ма

Жарияланған күні:

Читать на русском
Түркия туы
Түркия туы. Фото: Рixabay.com

23 қазанда Анкарада теракт болды. Салдарынан адамдар қаза тауып, жараланды. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі олардың арасында қазақстандықтардың бар ма деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Түркияда қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ екенін айтты.

Айта кетейік, 23 қазанда Түркияның Анкара қаласында лаңкестік шабуыл болды. Салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар. Ақпаратты Түркияның ішкі істер министрі Әли Ерликая растады. Билік лаңкестікті Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясының мүшелері ұйымдастырған болуы мүмкін деп болжаған.

Осыдан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға лаңкестік шабуыл салдарынан бірнеше адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Түркия әскерилері Сирия мен Ирактың солтүстігіндегі 32 нысана жойылғанын хабарлады.

Сонымен қатар билік өкілдері Анкара маңындағы Turkish Aerospace (TUSAŞ) түрік аэроғарыштық компаниясының штаб-пәтеріне жасалған шабуылда кем дегенде бес адам қаза тауып, 22 адам жараланғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2178335-turkiiadagy-terakt-zardap-shekkender-men-qaza-tapqandar-arasynda-qazaqstandyqtar-bar-ma/