jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қазақстандықтарға ескерту жасады

Телефон ұстаған ер адам
Телефон ұстаған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандықтарға мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппарат басшысы Әлібек Ахмедьяровтың атынан алаяқтар хабарламалар жіберіп жатқанын ескертті. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, алаяқтар Telegram және WhatsApp мессенджерлерінде Агенттіктің аппарат басшысы Әлібек Ахмедьяровтың атынан жалған аккаунттар ашу арқылы хабарламалар таратып жатыр.

"Белгісіз адамдар қандай да бір деректерге қол жеткізу арқылы алаяқтық әрекеттер жасауға тырысады. Жіберілген жалған ақпаратқа сенбеуіңізді және жауап бермеуіңізді, сенімсіз сілтемелерге өтпеуіңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан алаяқтарға алданып қалғанын жазған едік.

Осы орайда Динара Сәтжан көпшілікті барынша сақ жүруге шақырды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қазақстандықтарға ескерту жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.