jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Жетісу облысында Республика күнінде Мемлекеттік ту көтеру патриоттық акциясы өтті

Жетісу облысында Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті
Жетісу облысында Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Фото: Жеңіс Ысқабай

Бүгін Жетісу облысында Республика күні мерекесіне орай Мемлекеттік ту көтеру патриоттық акциясы өтіп, іс-шара барлық аудан-қалаларды қамтыды. Бір ғана облыс орталығындағы акцияға мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Талдықорғанда "Жастар" саябағындағы Ту тұғыры алдында өткен салтанатты шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, өңірдегі мекеме-ұйымдардың, әскери саланың, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, белсенді жастар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қала тұрғындары, жалпы саны мыңға жуық адам қатысты.

Жетісу облысында Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті
Жетісу облысында Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Фото: Жеңіс Ысқабай

Патриоттық акция Мемлекеттік туды салтанатты түрде көкке көтеруден басталды. Д. Рақышев атындағы облыстық филармонияның және "Талдықорған әуендері" фольклорлы-этнографиялық ансамблі әншілерінің, әскери қызметкерлердің, мектеп оқушыларының, жалпы қатысушылардың хоры әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Мемлекеттік гимнді жанды дауыста орындады.

Жетісу облысында Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті
Жетісу облысында Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Фото: Жеңіс Ысқабай

Салтанатты жиында патриоттық әндер орындалды.

Жетісу облысында Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті
Жетісу облысында Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Фото: Жеңіс Ысқабай

Атап өтсек, осындай патриоттық акциялар бүгін бір мезгілде облыстың барлық аудан-қалаларында өткізілді.

Жетісу облысында Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті
Жетісу облысында Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Фото: Жеңіс Ысқабай

Жетісу облысында Республика күнінде Мемлекеттік ту көтеру патриоттық акциясы өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.