jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Тұман басқан қала
Тұман. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК 26 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер бірқатар өңірде күн райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астана қаласында түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

26 қазанда түнде және таңертең Ұлытау облысының шығысында тұман түсуі мүмкін.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болып, тұман түседі.

26 қазанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

26 қазанда күндіз Алматы облысының батысында, шығысында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

26 қазанда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Шымкентта 26 қазанда түнде және таңертең қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістанда 26 қазанда түнде және таңертең найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

26 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

26 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман болады.

26 қазанда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі.

26 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады.

26-27 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. 26-27 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 26 қазанда таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с-ке жетеді деп күтіледі.

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.