jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Ақтаудың бірнеше шағын ауданында жылу желілерінде ақау шықты

Жұмысшы жылу желілерін дәнекерлеп жатыр
Жылу желілеріндегі жөндеу жұмысы. Фото: t.me/mangystau_news

Ақтауда бірнеше ауданда жылу желілерінен шыққан ақау жөнделіп жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Ақтаудағы жылу желілерінде 12 ақауды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан мамандар күні-түні жөндеу жұмыстарын жүргізгендіктен, ақау саны азайды.

Жөндеу жұмыстары 3-шағын аудан №45 үй, 8-шағын аудан №14 үй, 15-шағын аудан №18, 22-шағын аудан №10б үй, 11-шағын аудан №7 үйдің маңында жүргізіліп жатыр", - делінген облыстық коммуникациялар орталығының Telegram-дағы арнасында жарияланған хабарламада.

Сондай-ақ хабарламада қала әкімі жасалып жатқан жұмыстарды тексеріп, тұрғын үйге қызмет көрсетуші мекеме өкілдеріне реттеу жұмыстарын қадағалауды тапсырғаны айтылған.

"Жылу тұрғын үйлерге барғанымен, реттеу жұмыстары бар. Жылу радиоторларында ауа болуы мүмкін не болмаса ысырмалар ашылмаған шығар. Реттеу жұмыстарын қадағалаңыздар", - деді Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов.

Еске салсақ, бұған дейін қала басшысы Әбілқайыр Байпақов жылу желілеріндегі ақау күрделі жөндеу жүргізілген құбырлардан емес, тарату желілерінен шығып жатқанын түсіндірген еді.

Ақтаудың бірнеше шағын ауданында жылу желілерінде ақау шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.