Қар, тұман, көктайғақ: Астанада және бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жарияланған күні:
Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды – ертең елодада және еліміздің кей облысында жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Астанада 28 қазанда түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с болады.
Дүйсенбі түнде және таңертең Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі деп болжанды. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түеді. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз тау асуларында күші 15-20 м/с болады.
Ертең түнде және таңертең Қызылорда облысының орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында күші 15-20 м/с болады.
28 қазанда Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (көбінесе қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады.
Ертең түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың батысында, шығысында кей уақыттарда 23 м/с болады.
Дүйсенбі Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз облыстың шығысында кей уақыттарда 23 м/с болады.
28 қазанда түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 28-29 қазанда облыстың таулы аудандарында көктайғақ болады деп болжанды. 28-29 қазанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 28 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, 29 қазанда облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с болады.
Ертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі деп болжанды. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Дүйсенді Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с болады деп болжанды.
28 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Ертең Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп болжанды. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с болады.
Дүйсенбі күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с болады.
28 қазанда Абай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с болады.
Ертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ болады деп болжанды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Дүйсенбі Жетісу облысының оңтүстік бөлігінде қатты жаңбыр, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2179226-qar-tuman-koktaigaq-astanada-zhane-birqatar-oblysta-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/