jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ақтөбеде жаңбыр жауып тұрған кезде асфальт төселген

Жөнделіп жатқан жол
Жөнделіп жатқан жол. Видеодан кадр: diapazon.kz

Ақтөбеде жергілікті тұрғындар жаңбыр жауған кезде асфальт төселіп жатқанын байқаған. Жұмыс ауа райының қолайсыздығына қарамастан жалғасқан. Бұл жайтқа қатысты жолды салып жатқан компания өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды "Диапазон" басылымы.

КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
  • Ақтөбеде Оспанов көшесінде жаңбыр кезінде асфальт төселіп, жергілікті тұрғындардың алаңдаушылығын тудырған.
  • Жолды салып жатқан "Атырауинжстрой-АИС" компаниясының өкілі Саясат Бекжанұлы жаңбыр басталғаннан кейін жұмысты тоқтағанын айтты.
  • Компания өкілі жолға 5 жыл кепілдік берілетінін және сапалы жұмыс жасауға мүдделі екенін мәлімдеді.

Басылым мәліметінше, Оспанов көшесінің бойында екінші қабат асфальт төселіп жатыр. Аздаған жаңбыр жауса да, жол жөндеу жұмыстары жалғасқан. Жергілікті тұрғындар мұндай жағдайда жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі туралы сұрақтарын қоя бастады.

"Оспанов бойындағы жолды жауып тастады, көшеде жаңбыр жауғанда да асфальт төселіп жатыр. Жер дымқыл, бұл салынып жатқан жолға зиян тигізбей ме", - деп сұрады жергілікті тұрғын.

Жолды "Атырауинжстрой-АИС" компаниясы салып жатыр. Ұйым өкілдерінің айтуынша, жолға бес жыл кепілдік беріледі.

"Оспанов көшесінің бойына асфальт төсеу жұмыстарын бастадық. Күні бойы 700 тоннаға жуық қиыршық тас, мастикалық асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді.

Бірақ жаңбыр жауған соң жұмысты тоқтаттық. Сол кезде жеткен жердің асфальтын ғана бітіруге тура келді. Біз жолға 5 жыл кепілдік береміз, сондықтан бәрінің сапалы жүргізілуіне өзіміз де мүдделіміз", - дейді "Атырауинжстрой-АИС" серіктестігінің өкілі Саясат Бекжанұлы.

Ақтөбеде жаңбыр жауып тұрған кезде асфальт төселген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.