Зектілері

12 жастағы қызды әуежайда жалғыз қалдырған: адвокат әуе компаниясы қомақты сома төлеуге міндеттелгенін айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Әуежайдағы күту залы
Әуежай. Көрнекі фото: pixabay.com

Биыл жазда қазақстандық әйел 12 жасар қызын әуе компаниясы өкілдері Астана әуежайында жалғыз қалдырғанын айтқан еді. Бұл мәселе бойынша астаналық сот шешім шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ сол отбасы адвокатының Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.

"Сот Air Astana Зеренің анасына 5 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.

Қыздың анасымен бірге болған жайтты дәлелдеу үшін ұзақ жүрдік. Бастапқыда бұл мәселеге қоғамда резонанс тудырмайынша, біздің шағымымызға мән берілмеді. Бұл бірінші жағдай болмағандықтан, баланың анасымен бірге кәмелетке толмаған жолаушылардың құқығын қамтамасыз етуде нақты өзгерістерге қол жеткізу үшін істі аяғына дейін жеткізуді ұйғардық", - деді отбасының заңгері Данилхан Шағатаев Telegram-дағы арнасында.

Еске салсақ, биыл жазда Орал қаласының қос тұрғыны, егіздер Америкадағы тіл мектебінен Астана арқылы кері ұшып шыққаны, елордаға аман жеткен қос жасөспірімнің бірі Астана – Орал бағытында ұшқан FlyArystan әуекомпаниясының ұшағынан қалып қойғаны хабарланған еді.

21 шілдеде "Астана-Орал" рейсіне 12 жасар қыз жіберілмегені белігі болды. Бұл оқиға қоғамда біраз талқыланды.

Кейін "Астана–Орал" бағытындағы рейске заңсыз жіберілмеген кәмелетке толмаған жолаушыға қатысты FlyArystan әуе компаниясы және тиісті талаптарды бұзуға жол берген авиакомпания қызметкерлері жауапкершілікке тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2179748-12-zhastagy-qyzdy-auezhaida-zhalgyz-qaldyrgan-advokat-aue-kompaniiasy-qomaqty-soma-toleuge-mindettelgenin-aitty/