jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Қарағанды ​облысында автобус бұзылып, 55 адам мешітке орналастырылған

Жолаушылар
Жолаушылар. Фото: polisia.kz

Қарағанды ​​облысында полицейлер ішінде 55 адамы бар бұзылған қалааралық автобустың жолаушылары мен жүргізушісіне көмек көрсетті. Бұл туралы хабарлайды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның ақпараттық медиа-порталында пайда болған ақпаратқа сәйкес, полицейлер Қарағанды ​​облысында бұзылған қалааралық автобустың 55 жолаушысы мен жүргізушісіне көмек көрсетті.

27 қазанда сағат 23.30 шамасында Қызылорда-Павлодар автожолында Қарағанды облысы полиция депратаменті патрульдік полиция батальонының инспекторлары Ысқақов пен Қабиболла құрамындағы наряд қалааралық автобусты байқады.

Көлік жол бойында ескерту белгілерінсіз тоқтап тұрған. Салонда жүргізушімен бірге 55 адам болған. Оның 10-ы кәмелетке толмағандар, 25-і әйелдер, 20-сы ер адамдар. Ең жас жолаушы небәрі екі жаста.

Белгісіз себептермен автобус істен шығып, іске қосылмай қалғандықтан, оны жолдан шығару мүмкін болмады. Қиындыққа тап болған азаматтардың барлығы арнайы көлікке отырғызылып, Шет ауданы Ақой ауылындағы мешітке орналастырылды. Оларға тамақ, су, жатын орын берілген.

Қарағанды ​облысында автобус бұзылып, 55 адам мешітке орналастырылған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.