jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Түркістан облысында танысын оқуға түсіремін деп сан соқтырған күдіктінің ісі сотқа жетті

    Алаяқ әйел
    Алаяқ әйел. Көрнекі фото: polisia.kz

    Түркістан облысында таныстарын оқуға түсіріп беремін деп алдаған күдіктінің ісі сотқа жетті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

    Басылым мәліметіне сүйенсек, Кентау қаласында криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстары кезінде алаяқтық жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды қолға түсірген.

    Ол танысын оқуға түсіріп беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 600 мың теңгесін алған. Алайда қанша уақыт өтсе де, уәдесін орындамай, алған ақшаны жеке бас пайдасына жаратып жіберген.

    Тәртіп сақшылары күдікке ілінген әйелдің бұдан басқа дәл осындай алаяқтыққа қатысты екі жайтын анықтады. Одан бөлек жәбірленушілерге 3 млн теңгеден астам шығын келтірілгені белгілі болды.

    Қазіргі таңда күдікті қамауда отыр, іс сотқа өтті.

    Түркістан облысында танысын оқуға түсіремін деп сан соқтырған күдіктінің ісі сотқа жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.