jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Заманауи мектеп: оқушылардың білім алуына барлық жағдай жасалған

Мектеп директоры
Мектеп директоры. Фото: Қостанай аудандық "ARNA news" газеті

Қостанай ауданындағы ауыл мектептерінің дамуына ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінде "Қазақстан халқына" қорының қолдауымен Заречный ауылында жаңа заманауи кабинеттер мен зертханалар ашылып, мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылуда, деп хабарлайды NUR.KZ.

Заречный ауылында орналасқан Ахмет Байтұрсынов атындағы білім ордасында заман талабына сай робототехника кабинеті, телестудия, арт-студия және шығармашылықпен айналысуға, эмоционалдық серпін алуға, өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шеберханалар ашылды. Осы жаңашылдықтарға "Қазақстан халқына" қоры демеушілік етіп, 250 млн теңге көлемінде қаражат бөлді.

Сондай-ақ, ауылдық мектепте STEM зертханасы ашылды. Бұл білім алушылардың математика, инженерия, технология және жаратылыстану ғылымдары саласында білім көкжиектерін кеңейтуге мүмкіндік бермекші. Робототехника, STEM зертханалары мен шығармашылық кабинеттерінің болуы балаларға өз идеяларын жүзеге асыруға, жаңа дағдыларды игеруге және әртүрлі пәндер бойынша тереңірек білім алуға септігін тигізеді.

Мектеп іші
Мектеп іші. Фото: Қостанай аудандық "ARNA news" газеті

Оқушылардың жан-жақты дамуы үшін мектептің акт және спорт залдары мен кітапханаға жаңа жиһаздар мен жабдықтар алынды, көрнекі құралдар, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары мен оқу материалдары жеткізілді. Мектеп дәліздерінде шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ ойнайтын арнайы орындар да қарастырылған.

Информатика пәнінің мұғалімі Таңшолпан Әбикеева мектепте болып жатқан өзгерістерге сәйкес сабақтардың да форматы өзгеріп жатқандығын баяндады. Оның айтуынша, өзгерістерге дейін информатика пәнінде компьютерден басқа құралдар болмаған, тек бір ғана робот болатын, ол басқа бағдарлама бойынша жұмыс істегендіктен, кейбір қиындықтар туындайтын.

Мектеп директоры
Мектеп директоры. Фото: Қостанай аудандық "ARNA news" газеті

"Мектебімізде әртүрлі роботтар, молекулалық, андроид, физикалық және химиялық өлшеуіштер пайда болды. Енді сабақтарды қызықты әрі баланың өзі іс жүзінде жасайтындай етіп ұйымдастырудамыз. Бұрын робот жасауға балалардың қызығушылығы аса байқалмаған болса, қазір олар жаңа құрал-жабдықтарды көріп, тіпті сабақтан кейін немесе үзіліс кезінде өз беттерімен бір нәрсе жасап үйренуге тырысады", – дейді Таңшолпан Әбикеева.

Мектеп іші
Мектеп іші. Фото: Қостанай аудандық "ARNA news" газеті

Сонымен қатар, оқу сапасын жақсарту бағытында педагогикалық кадрларды дамытуға да үлкен мән беріліп жатқандығын айта кеткен жөн. Физикалық және химиялық пәндер үшін арнайы жабдықтар алынып, оларды қолдану бойынша мұғалімдерге оқыту жүргізіледі.

Мектеп директоры Көпжасар Хажмухановтың айтуынша, бүгінде мектепте барлығы 73 педагог қызмет етуде, 848 бала білім алуда, 48-і мектеп алды даярлық тобында.

Мектеп іші
Мектеп іші. Фото: Қостанай аудандық "ARNA news" газеті

Еcке салайық, "Қазақстан халқына" қоры ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін дамыту бағдарламасын іске қосты. Оның мақсаты – ауылдық тірек мектептердің дамуын елдегі үздік мектептермен тығыз серіктестікте арттыру, сондай-ақ ауылдық мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту арқылы білім сапасындағы аумақтық және әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті жоюға үлес қосу, мұғалімдердің кәсіби дамуы үшін тең жағдай жасау.

Мектеп іші
Мектеп іші. Фото: Қостанай аудандық "ARNA news" газеті

Заманауи мектеп: оқушылардың білім алуына барлық жағдай жасалған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.