jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Іргетасының құлау қаупі бар": Астанада Кенесары хан ескерткіші жөнделеді

Кенесары хан ескерткіші
Кенесары хан ескерткіші. Фото: t.me/astana_newss

Астана қаласының Мәдениет басқармасы тарихи-мәдени мұраны сақтау мақсатында 2024-2025 жылдары Есіл өзенінің жағасында орналасқан Кенесары хан ескерткішін қайта жаңарту жоспарланғанын мәлім етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Ғылыми-техникалық зерттеу нәтижелеріне сәйкес, нысан апатты деп танылды. Нысан іргетасының құлау қаупі бар.

Нысанды бөлшектеу биылғы қараша айында басталады. Нысанның өзі жаңартылғаннан кейін 2025 жылдың көктемінде орнына қойылады деп жоспарлануда", - делінген хабарамада.

Әкімдік мәліметінше, жаңарту келесідей жұмыстарды орындауды мыналарды қамтиды: мүсінді бөлшектеу және оны кейіннен қалпына келтіру, тұғырды және оған іргелес аумақты бөлшектеу, бұрғылау үйіндісін орнату, сондай-ақ құрылымды кейіннен монтаждау және тұғырды қаптау материалымен әрлеу.

"Іргетасының құлау қаупі бар": Астанада Кенесары хан ескерткіші жөнделеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.