jitsu gif branding logo appbranding logo app

Шымкенттік дәрігерлер бүйрегіне тас жиналған 39 жастағы әйелді аман алып қалды

Дәрігер
Дәрігер. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте қалалық аурухана дәрігерлері бүйрегіне тас жиналған 39 жастағы әйелді аман алып қалды. Науқас ауруханаға өте ауыр халде түскен. Дәрігерлер "Compact Sigma" литотриптер аппаратының көмегімен науқастың бүйрегі мен несепағар жолдарындағы тастарды отасыз түсірді. Қазіргі таңда пациенттің жағдайы жақсы, деп жазады Otyrar.kz.

Басылым мәліметінше, литотрипсия емдік шарасында медициналық құрылғының көмегімен қашықтық соққылық-толқын әдісі қолданылады. Уатылған тастар ағзадан несеппен шығарылады.

"Литотрипсия – бұл бүйректегі және несепағар жолдарындағы тасты уатып, отасыз емдейтін әдіс. Процедурада ешқандай ауырсыну болмайды және пациенттер ауруханада ұзақ жатпайды. Барлық науқасқа емдік шара МӘМС жүйесі есебінен тегін жүргізіледі", - дейді №1 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігер-урологы Сауранбек Альдеков.

Бір процедураның құны 60 мың теңге тұратын медициналық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен қаржыландырылады. "Compact Sigma" литотриптер аппаратының жөндеуден өтіп, қайта іске қосылғанына 1 ай болған. Дәрігерлер осы уақыт аралығында 60-қа жуық науқасқа ем көрсетіп үлгерген.

Шымкенттік дәрігерлер бүйрегіне тас жиналған 39 жастағы әйелді аман алып қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.