jitsu gif branding logo appbranding logo app

Елордада 3243 оқушы бір мезетте күй шертіп, рекорд орнатты (видео)

Оқушылар
Оқушылар. Видеодан кадр: instagram.com/astana.madeniet

Елордада "Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра" атты ауқымды іс-шарада 3243 оқушы бір мезетте күй шертіп, рекорд орнатты. Бұл туралы Астана қаласының мәдениет басқармасы хабарлайды.

Instagram-дағы astana.madeniet парақшасында үш мыңнан асаа оқушының бір мезетте күй орындағаны бейнеленген видео пайда болды.

"Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра" атты ауқымды іс-шарада мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бойынша білім алушы оқушылар Құрманғазы Сағырбайұлының шоқтығы биік "Балбырауын" күйін бір мезгілде күмбірлетті", - делінген хабарламада.

Желі қолданушылары оқушылардың орындауына тәнті болып, жазба астында жылы лебіздерін жазды.

"Әр қатысушы баланың ата аналарын құттықтаймын", "Керемет көрініс қазақтың қазақ екенін дәлелдеу", "Керемет. Алтын домбыра жетекшелеріне мын алғыс", "Тамаша, өте керемет", "Жарайсыңдар", "Керемет, жетекшілерімізге мың алғыс" - деп жазды олар.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.