jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда діни некенің құқықтық мәртебесі бар ма: Әділет министрлігінің өкілі жауап берді

Ерлі-зайыптылар
Ерлі-зайыптылар. Көрнекі фото: freepik.com

Әділет министрлігінде өткен брифингте ведомствоның ресми өкілі Талғат Уәли Қазақстандағы діни некелердің құқықтық мәртебесі жоқ екенін еске салды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Діни неке тақырыбына тоқталғым келеді. Қазақстанда тек уәкілетті органдармен жасалған неке (ерлі-зайыпты) заңды болып танылады.

Діни рәсімдер заңды міндеттер қатарына кірмейді және мемлекет мойындамайды. Сондай-ақ бірге тұру неке деп саналмайды", - деді Әділет министрлігінің ресми өкілі.

Еске салсақ, бұған дейін 2024 жылдың сегіз айында некеге тұрғандардың көпшілігі Алматы мен Астана қалаларында, сондай-ақ Түркістан облысында тіркелгенін жазған едік.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, биыл 8 айда елімізде 43 мың жұп некелесіп, 265 мың сәби дүниеге келген.

Осы уақыт ішінде некелескендердің ең көбі Алматы қаласында тіркелді. Мегаполисте 14 059 жұп некесін қиған. Ал Астанада 9 258 жұп некеге тұрса, Түркістан облысында 6 132 неке заңдастырылған.

Ажырасу санынан да Алматы мен Астана көш басында тұр. Жыл басынан бері екі мегаполисте 13 710 отбасы ажырасуға өтініш берген.

Қазақстанда діни некенің құқықтық мәртебесі бар ма: Әділет министрлігінің өкілі жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.