Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Испания Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король VI Фелипе
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король VI Фелипе. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Испанияда табиғи апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Фелипеге көңіл айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Испанияда табиғи апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Фелипеге көңіл айтты.

"Осындай ауыр сәтте Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", - деп жазылған жеделхатта.

Еске салсақ, бұған дейін Испанияның Валенсия аймағында нөсер жаңбыр жауып, салдарынан болған су тасқынынан кем дегенде 51 адам қаза тапқанын хабарлаған едік.

Аймақтық үкімет басшысы Карлос Мазен зардап шеккен аудандарда құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын және қаза тапқандардың нақты санын анықтау әлі мүмкін емес екенін айтты.

Құтқару жұмыстарына мыңнан астам әскери қызметкер тартылып, төтенше жағдайлар қызметіне көмек көрсетіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2181396-memleket-basshysy-ispaniia-koroline-kongil-aitu-zhedelhatyn-zholdady/