jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Ербол Қарашөкеев жамбылдық ұстаздарды марапаттады

Мұғалімдер күні үздік педагогтарды марапаттау
Фото: gov.kz

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Мұғалімдер күніне арналған салтанатты шараға қатысты. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.

Мерекелік жиын білім саласындағы жетістіктер туралы бейнеролик пен А. Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры әртістерінің қойылымымен ашылды.

Бұдан соң Ербол Қарашөкеев облыс педагогтерін кәсіби мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Салтанатты шарада білім беру жүйесін дамытудағы, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері үшін бірқатар мұғалімге "Еңбек ардагері" медалі, "Ы. Алтынсарин", "Білім беру ісінің құрметті қызметкері", "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі, сондай-ақ облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табысталды. Бұдан бөлек, бірнеше номинация бойынша үздіктер қаржылай сертификатқа ие болды.

Мерекелік кеште Қазақстанның халық әртісі, Еңбек Ері Асанәлі Әшімов пен белгілі спорт шебері, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің видеоқұттықтауы көпшілік назарына ұсынылды.

Шара соңы К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртістері және өнерлі ұстаздар мен оқушылардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Ербол Қарашөкеев жамбылдық ұстаздарды марапаттады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.