Зектілері

Елімізде халық саны артты: қазақстандықтар қанша адамға көбейген

Жарияланған күні:

Жолдан өтіп бара жатқан адамдар
Қыс. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2024 жылғы 1 қазанда Қазақстан халқының саны 20 223 218 адамға жетті. Ұлттық статистика бюросы 1 қазандағы деректерді жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жыл басында халық саны 20 033 842 адамды болған еді. Осылайша, 9 айдағы өсім 190 мың адамды құрады.

Қазақстанда қалада 12 704 977 адам, ал ауылдық жерлерде 7 518 241 адам тұрады. Сонымен қатар Қазақстанда әйелдер саны ерлерден көбірек: әйелдер  – 10 342 959, ал ерлер  – 9 880 259.

Қазақстанда әлі де миллион тұрғыны бар үш қала бар: Астана (1 502 102 адам), Алматы (2 275 541 адам) және Шымкент (1 246 661 адам).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2182062-elimizde-halyq-sany-artty-qazaqstandyqtar-qansha-adamga-kobeigen/