Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда сатылған ирандық сусындар тағы да "МОТҚҚҚ" ҚБ белсенділерінің назарын аударды

Жарияланған күні:

Сусындар
Көрнекі фото: pixabay.com

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі ("МОТҚҚҚ" ҚБ) Қазақстан нарығында ұсынылатын тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларға ақпараттандыру жұмыстарын жалғастыруда. Бұл зерттеулердің негізгі мақсаты – кәсіпкерлердің қызметін тексеру емес, тұтынушыларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өзекті әрі сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету. Бұл, ең алдымен, тұтынушыларға қолжетімді өнімдердің ашықтығы мен қауіпсіздігін арттыру арқылы олардың құқықтарын қорғауға ықпал етеді, сондай-ақ, Қазақстан Республиксы "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңында бекітілген қоғамдық бірлестіктер құқығын іске асыру болып саналады.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Құқыққорғаушылар сертификаты жоқ азық-түлік өнімдерін анықтады

2024 жылғы шілдеде Павлодардағы дүкендердің бірінде біздің қоғамдық өкілдер назарына тағы да ирандық сусын ілікті. Бұл өнімдердің Кеден одағының техникалық регламентінде белгіленген қауіпсіздік талаптары мен стандарттарына қаншалықты сәйкес келетінін анықтау мақсатында зерттеу жүргізуге себеп болды.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында Near Soon Drink Happy Moments брендінен сусындардың екі түрі, әрқайсысы 330 мл:

  • Sour Cherry
  • Pineapple құпия сатып алушы әдісімен сатылып алынды:
Иран өндіретін сусындар
Фото: Биятан Жанна

Сатылып алынған сусындар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Павлодар облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына сараптамаға жіберілді. Амарант, азорубин, 4R понсо, тартразин, натрий бензоаты, калий сорбаты, кадмий, қорғасын, мышьяк, аспартам, калий ацесульфамы, сахариннің қалыпты көрсеткіштерін анықтау немесе шығару үшін кешенді зерттеу жүргізілді. 2024 жылғы 19 шілдесіндегі РО-24-03469/265 және РО-24-03469/264 хаттамалары сусындардың екі түрінде де анықталған концентрацияның рұқсат етілген деңгейден аспайтынын белгіледі.

Бірақ, 2024 жылдың 17 шілдесіндегі № РO-24-03468/227 және РO-24-03468/228 хаттамаларында жазылған зерттеу нәтижелері:

1. Қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттар төмендегі жағдайларда көрсетілмеген:

  • тауардың атауы, бұл тұтынушыға өнімді анықтауды қиындатады.
  • құрамы мен сақтау шарттары, тұтынушылар, әсіресе, аллергиядан зардап шегетін немесе ерекше диеталық қажеттіліктері бар адамдар үшін қауіпті.
  • тағамдық құндылығы, бұл ақпаратсыз олардың тағамдық қасиеттері мен денсаулыққа әсерін түсіну қиынға соғады.
  • пайдалану бойынша ұсынымдар мен шектеулер: тұтынушыға түсінікті тілде мұндай ақпараттың болмауы – аллергиядан зардап шегетін немесе медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамның денсаулығына ықтимал қауіптердің алдын алу мүмкін болмайды.
  • ГМО көмегімен алынған ингредиенттердің бар-жоғы туралы ақпарат тұтынушылар үшін маңызды болып, оларды алаңдатуы мүмкін.
  • өндірушінің атауы және оның орналасқан жері: өндіруші туралы дұрыс ақпарат өнімнің түпнұсқалығын тексеру үшін маңызды болып саналатын өнімнің көзін анықтауға көмектеседі. Бұл ақпаратсыз тұтынушы өнімнің заңды және сенімді өндірушіден шыққанына күмән келтіреді.

2. Кеден одағы елдерінде өнімнің қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін растайтын ЕАС белгісінің болмауы. Бұл өнімнің міндетті сертификаттаудан өтпегенін көрсетіп, оның қауіпсіздігіне күмән тудыруы мүмкін.

3. КО ТР 022/2011 4.1-бабы 1-тармағында көзделген қапталған тамақ өнімдерінің таңбаламасы орыс және мемлекеттік тілдерде көрсетілмеген.

4. Азық-түлік өнімдерінің таңбаламасына қажетті пиктограммалар мен белгілердің болмауы. Пиктограммалар мен белгілер көбінесе өнімді қалай дұрыс пайдалану керектігі, қаптамада сақтау шарттары және ықтимал қауіптерді болдырмау туралы маңызды ақпараттарды қамтиды. Бұл белгілердің болмауы өнімді дұрыс пайдаланбауға, оның қауіпсіздігі мен сапасына әсер етуі мүмкін.

Өнім туралы екі тілде толық ақпараттың болмауы Қазақстан заңнамасының, оның ішінде Қазақстан Республикасының "Тіл туралы" және Қазақстан Республикасы "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңдарының талаптарын бұзады. Мәліметтердің жетіспеушілігі тұтынушылар үшін, әсіресе, диеталық қажеттіліктері немесе аллергиясы бар адамдар үшін қауіп тудыруы мүмкін.

Алия Алибекова, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы: "Тұтынушылардың қауіпсіздігінің кепілі – дұрыс және толық таңбалама. Құрамы мен тағамдық құндылығы туралы ақпаратының болмауы өнімді дұрыс таңдамауға және денсаулыққа теріс әсерін тигізетін салдарға соқтыруы мүмкін. Тұтынушылар қаптамада берілген ақпараттардың дұрыс екеніне және оның саналы таңдау жасауға көмектесетініне сенімді болуы керек" - деген ойын алға тартты.

Ал әріптесі Жанна Биятан былай деп қосты: "Өндірушілер мен сатушылар таңбалама талаптарын сақтауға және өнім туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде толық ақпарат беруге міндетті. Бұл тек заңды міндеттеме ғана емес, сонымен қатар тұтынушылардың сенімі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі болып саналады. Бұл талаптарды орындамау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғуы және бизнестің беделіне теріс әсер етуі мүмкін".

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жобасы аясында осы материалды дайындаған "МОТҚҚҚ" ҚБ тұтынушылар құқығын қорғау біздің ортақ міндетіміз екенін еске салады. Тұтынушылар тауарлардың таңбаламасын мұқият тексеріп, қандай да бір бұзушылықтар анықталса, бақылаушы органдарға хабарласуы керек. Тауарлардың таңбаламасын тексеріңіздер, олардың қауіпсіздігіне сенімді болыңыздар!

Қоғамдық бірлестіктің мақсаты – тек өнімнің қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтінін анықтау ғана емес. "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңында тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілетін зерттеулердің нәтижелері туралы ақпаратты, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал ететін өзге де ақпараттарды тарату қарастырылған.

Сонымен қатар тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері (олардың қауымдастықтары, одақтары) жариялаған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасына қатысты зерттеулердің нәтижелері жарнама болып саналмайды.

Таңқурай сүт коктейлі және концентрацияланған сүт
Фото: Биятан Жанна

Азық-түлік өнімдерін дұрыс сатып алуды қалыптастыру үшін біз тұтынушыларға Павлодар қаласында келесідегідей өнім түрлеріне:

  1. "Рогачевский МКК" ААҚ, Беларусь Республикасында шығарылған таңқурай дәмі бар мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тамақтандыруға арналған зарарсыздандырылған сүт коктейліне;
  2. "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің қауіпсіздік және сапа талаптарына сәйкес келетін, кешенді зерттеулердің нәтижелері бойынша Беларусь Республикасында өндірілген "Рогачевский МКК" ААҚ қоюлатылған стерильді сүтіне зерттеулер жүргізілгенін хабарлауды жөн көрдік.

Күн кеңесі

"Құрамында бояғыштары бар және қауіпсіздік көрсеткіштерінен өтпеген сусындардың орнына қайнатылған сүтті немесе сүті бар коктейльдерді ішіңіз!"

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2182596-pavlodarda-satylgan-irandyq-susyndar-tagy-da-motqqq-qb-belsendilerining-nazaryn-audardy/