Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балалық шақтың тәтті қуаныштары немесе тексеруге не себеп болды

Жарияланған күні:

Мармелад
Көрнекі фото: pixabay.com

Мармелад – кішкентай кезінен бастап бәріне таныс балалардың сүйікті жеңсік дәмінің бірі. Бұл десерттің жарқын, шырынды да түрлі-түсті тілімдері әркез балалардың назарын өзіне аударады. Дегенмен, тәтті дәмі мен тәбетті ашатын сыртқы түрі өнімдердің қауіпсіздігіне кепілдік бермейді, әсіресе, бұл шетелден әкелінген мармеладқа қатысты.

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі ("МОТҚҚҚ" ҚБ) тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға көмектесетін халық тұтынатын тауарларды зерттеу нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратып, халықты ақпараттандыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырады.

Осылайша, 2024 жылғы шілдеде "МОТҚҚҚ" ҚБ белсенділері Павлодар облысында сатылатын түрік өндірушісінің желе мармеладын: Butterfly jelly, Bear jelly және Peacock jelly-ді (әрқайсысы 35 г.) тексеруге шешім қабылдады. Мұндағы мақсат бұл тәттілердің Кеден одағының техникалық регламенті мен Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарына қаншалықты сәйкес келетінін анықтау болды.

Мармелад "Butterfly jelly", "Bear jelly" и "Peacock jelly"
Фото: Биятан Жанна

Ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, өнім ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалына сараптамаға жіберілді. 2024 жылғы 17 шілдесіндедегі № РО-24-03468/220, РО-24-03468/219 және РО-24-03468/218 хаттамаларында тіркелген талдау нәтижесінде заң талаптарынан келесідей ауытқулар анықталды:

Butterfly jelly, Bear jelly және Peacock jelly түрік мармеладтары:

Түрік мармеладтарының барлық үлгісінде:

  • тамақ өнімдерін өндірушінің атауы мен орналасқан жері туралы қазақ және орыс тілдеріндегі мәліметтер;
  • тамақ өнімдерінің тағамдық құндылығының көрсеткіштері қазақ тілінде;
  • тамақ өнімдерін қазақ тілінде қолдану бойынша ұсыныстар мен шектеулер көрсетілмеген.

Сондай-ақ зерттеу хаттамасында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпараттың толық жетіспейтіні анықталды, олар КО ТР 022/2011 сәйкес, қапталған тамақ өнімдерінде орыс және мемлекеттік тілдерде басылуға тиіс.

Мармеладтар мұқият тексеруден өтті, өйткені балалар арасында бұл өнім зор сұранысқа ие.

Ауыр металдар тұздарының анықталған концентрациясы – натрий бензоаты, калий сорбаты, кадмий, қорғасын, мышьяк, аспартам, калий ацесульфам, сахарин үш үлгінің барлығында да рұқсат етілген деңгейден аспады.

Сондай-ақ, микробиологиялық зерттеулерге сәйкес, өнімде микробтар, ашытқылар немесе зеңдер жоқ.

Көптеген тұтынушы бір қарағанда қауіпсіз болып көрінетін өнімге қатысты таңбалама мәселесі соншалықты маңызды емес деп ойлауы мүмкін. "Егер мармелад дәмді және арзан болса, неге сонша егжей-тегжейлі айтудың не қажеті бар?" деген сұрақты көп сатып алушылар қоюы мүмкін. Дегенмен, құқыққорғаушы-сарапшы Алия Алибекова атап өткендей, бұл мәліметтер тұтынушыны ықтимал қауіптерден қорғайды.

Таңбалама – қаптамадағы жай ғана мәтін емес, бұл өнімнің қажетті сынақтардан өткендігінің және белгіленген стандарттарға сәйкестігінің кепілі.

Сарапшы тағы былай деп қосады: "Контрабандалық өнімдерде, әдетте, таңбаламасында дәл осындай проблемалар бар. Бұл елге кедендік бақылауды айналып өтіп, қажетті рұқсаттарсыз және салықтар мен алымдарды төлемей, заңсыз әкелінген өнім. Өндіруші өз өнімдерінің сыртқы нарыққа шыққанын білмеуі де мүмкін, өйткені тауарлар шекарадан заңсыз жолмен тасымалданады. Салдарынан контрабандалық өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі міндетті тексеруден өтпейді, бұл тұтынушылардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін".

Кәсіпкерлер үшін таңбалама талаптарын сақтау тек техникалық регламенттер талаптарын орындау міндеттемесі ғана емес, сонымен қатар тұтынушылардың сенімін сақтау тәсілі екенін түсіну маңызды. Өнім туралы ақпараттың ашықтығы табысты бизнестің кілті болып саналады, ал бұзушылықтар қаржылық шығындарға және беделді жоғалтуға әкелуі мүмкін.

Құқыққорғаушы Жанна Биятан да сенімді ақпараттың маңыздылығына тоқталып:

"Әсіресе ата-аналар сатып алған өнімдерінің балалары үшін қауіпсіз екенін білуі керек. Қаптамада пайдалану бойынша шектеулер немесе ұсынымдар көрсетілмесе, бұл жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Мысалы, көптеген тәттінің құрамында жас балаларға қарсы көрсетілімдері бар ингредиенттер болуы мүмкін, бірақ бұл туралы тиісті ақпарат болмаса, тұтынушы хабарсыз қалады".

Сонымен қатар дүкен сөрелерінде ұсынылған өнімдерге өндірушілер ғана емес, сатушылар да жауапты екенін түсіну керек. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, олар тұтынушыны адастыру мүмкіндігін болдырмайтын толық және сенімді ақпаратпен тауарларды өткізуді қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдердің техникалық реттеу талаптарына сәйкес келмеуі тек құқықтық салдарға құқықтық салдарға әкеліп қана қоймай, сонымен қатар тұтынушылардың сауда нүктесіне деген сеніміне нұқсан келтіруі мүмкін.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындады.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2182619-balalyq-shaqtyng-tatti-quanyshtary-nemese-tekseruge-ne-sebep-boldy/